23:37 23 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.52
  • EUR431.32
  • RUB6.10
 16 мамыр - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 16 мамыр

© Sputnik / Владислав Воднев
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (353)
32 0 0

Бұл Григориан күнтізбесінде 136-шы күн. Жыл соңына дейін 229 күн бар.

16 мамырда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

16 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін халықаралық кәсіби мереке – Биографтар күні аталып өтеді. 1763 жылы Сэмюэл Джонсон мен оның болашақ биографы Джеймс Босуэлл алғаш рет кездескен еді. 1763 жылы 16 мамырда Босуэлл Джонсонмен танысты. Олар бірден тіл табысып, дос болып кетті (Джонсон тіпті Босуэллді "Боззи" деп атайтын). Ұзақ жылдар бойы Босуэлл Джонсонның Әдебиет клубы мен жеке кездесулерде айтқан әңгімелерін жинақтап, екеуінің Гебрид аралдарына жасаған саяхатын суреттеп жазды. Биографтардың арқасында қазір біз әйгілі адамдар жайлы құнды әрі мол мағлұмат алып жүрміз. Сондықтан бұл мейрам – еңбегі елене бермейтін жандарға құрмет көрсететін күн.

Сондай-ақ, бүгін Халықаралық жарық күні. Бұл мейрам жарықтың рөлін, ғылым мен білімге, өнерге мен мәдениетке, медицина, коммуникация, энергетика салаларына қосқан үлесін атап өтетін жаһандық бастама. Мереке жарық пен жарық технологияларының қазіргі заманғы ғылымдағы рөлін насихаттауға, жарық технологияларына негізделген білім мен ғылымның дамуын ынталандыруға үндейді.

Бүгін, сонымен қатар, Халықаралық бейбіт қатар өмір сүру күні аталып өтеді. Бейбіт қатар өмір сүру принципі мемлекетаралық соғыстан бас тартуды, даулы мәселелерді келіссөз арқылы шешуді, бір-бірінің мүдделерін ескеруді, ішкі істерге араласпауды, өз елінің барлық мәселесін дербес шешуге әрбір халықтың құқығы бар деп тануды, барлық елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын барынша құрметтеуді, толық теңдік пен өзара тиімділік негізінде экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуды көздейді.

16 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар

1881 жылы Германияда Берлин шетінде әлемдегі ең алғашқы электр трамвайы жүріп өтті;

1919 жылы америкалық ұшқыш Альберт Рид Атлант мұхитының үстінен алғаш рет ұшты;

1929 жылы АҚШ-та "Оскар" жүлдесін табыстау салтанаты өтті;

2004 жылы украиналық әнші Руслана 49-шы халықаралық "Евровидение" музыкалық байқауында бірінші орын иеленді.

16 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

2006 жылы Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Олжас Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім және тәрбие беру орталығы ашылды;

2007 жылы Алматыдағы Көктөбеде атақты британиялық "Битлз" тобына ескерткіш орнатылды;

2013 жылы қазақстандық альпинист Аггей Скопин экстремалды спорт түрлері фестивалінде Эльбрус тауына жүгіріп шығудан алтын медаль жеңіп алды;

2014 жылы Алматыда әйгілі дирижер, композитор, КСРО Халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 90 жылдығы қарсаңында оның 19 жыл тұрған пәтер-мұражайы ашылды;

16 мамырда дүниеге келген танымал тұлғалар

1910 жылы орыс ақыны, прозашы, драматург, журналист Ольга Берггольц дүниеге келді. Сталин сыйлығының лауреаты (1951). "Никто не забыт, ничто не забыто" өлең жолдарының авторы;

1953 жылы ирландиялық актер, ең танымал "Джеймс Бондтардың" бірі Пирс Броснан өмірге келді (фильмдері: "Золотой глаз","И целого мира мало");

1965 жылы украиналық актер және әзіл-сықақшы, "Джентльмен-шоу", "Маски-шоу", "Голые и смешные" жобаларының қатысушысы Сергей Олех туды;

1966 жылы америкалық поп-жұлдыз, әнші, актриса және биші Джанет Джексон дүниеге келді. Әйгілі әнші Майкл Джексонның қарындасы.

16 мамырда Қазақстанда кім туды

1935 жылы ақын Оразақын Асқар дүниеге келді;

1936 жылы балалар жазушысы Мұхамеджан Етекбаев өмірге келді;

1940 жылы ақын, аудармашы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Есенбай Дүйсенбайұлы туды;

1949 жылы мәжіліс депутаты Владимир Божко дүниеге келді;

Ай күнтізбесі

Ай Таразы белгісінде орналасады. Жаныңыз тыныштықты қалағанымен, кездесулер мен түрлі іс-шаралардан қол босамайды. Бүгін беделді адамдармен танысасыз, бұған қоса жаңа мүмкіндіктерге жол ашылмақ. Бәріне дайын болыңыз.

Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (353)

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 15 мамыр
Кілт сөздер:
тарихи оқиғалар, танымал тұлғалар, ай күнтізбесі, мереке, атаулы күндер
Загрузка...

Басты тақырып