06:11 24 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.06
  • EUR429.19
  • RUB6.08
 17 мамыр - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 мамыр

© Sputnik / Владислав Воднев
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (354)
40 0 0

Бұл Григориан күнтізбесінде 137-ші күн. Жыл соңына дейін 228 күн бар.

17 мамырда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

17 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін барша адамзат Интернеттің туған күнін тойлап жатыр. Бұған дейін Бүкіләлемдік интернет күні 4 сәуірде аталып өткеніне қарамастан, интернеттің ғұмыры WWW стандарты бекітілгеннен кейін, яғни 1991 жылдың 17 мамырынан басталады. Қазір адамдар ғаламтордың пайдасы мен зиянын қатар көріп жатыр.

Сондай-ақ, бүгін Гомофобияға қарсы күрес күні. Гомофобия гректің homоs – бірдей және phоbos – қорқыныш деген сөздерінен құралған. "Үрей" дегенді білдіретін бұл терминнің пайда болғанына тым көп бола қойған жоқ. 1972 жылы гомосексуалистер алдындағы қорқынышты, сексуалдық азшылық қауымды қабылдамаушылық пен жақтырмаушылықты белгілеу үшін "гомофобия" терминін алғаш рет психиатр Джордж Вайнберг қолданған еді. 20 ғасыр тарихта ең "гомофобты" кезең саналады, бұған дейін ол қоғамдық норма болатын.

Бұған қоса, бүгін Бүкіләлемдік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні аталып өтеді. 2006 жылы 27 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы қарар қабылдап, 17 мамырды Бүкіәлемдік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні етіп жариялады. Бұл күн – барлық программистің, жүйелік әкімшілердің, интернет-провайдерлердің, веб-дизайнерлердің, интернет-басылым редакторлары мен басқа да ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін адамдардың кәсіби мейрамы.

17 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар

1497 жылы Васко да Гама Үндістан жағалауына жетті;

1642 жылы Монреальдің негізі қаланды;

1792 жылы  – күн көзінен қашып, ағаштың саясына жасырынған 24 брокер Нью-Йорк қор биржасының негізін қалайды;

1916 жылы Англия әлемде алғашқы болып "жазғы" уақытқа ауысты.

17 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1936 жылы Мәскеуде алғаш рет қазақ мәдениеті мен өнерінің онкүндігі өткізілді;

1992 жылы Қазақстан министрлер кабинетінің жанынан Қазақстанның Жоғары аттестациялық комиссиясы құрылды;

2010 жылы Шымкентте республикадағы алғашқы жекеменшік көркем гимнастика мектебі ашылды;

2012 жылы елордадағы Сейфуллин атындағы мұражай жаңа экспонат – Ақан серінің кесесімен толықты.

17 мамырда дүниеге келген танымал тұлғалар

1911 жылы кеңестік театр және кино әртісі, педагог Софья Пилявская дүниеге келді. РКФСР еңбек сіңірген артисі (1947). РКФСР Халық әртісі (1963). КСРО Халық әртісі (1991). Екінші дәрежелі Сталин сыйлығының лауреаты (1951).

1936 жылы америкалық актер әрі режиссер, суретші және фотограф Деннис Хоппер өмірге келді (фильмдері: "Апокалипсис сегодня", "Беспечный ездок", "Скорость", "Синий бархат"). Фрэнсис Форд Коппола және Дэвид Линч секілді режиссерлермен бірге жұмыс істеген;

1955 жылы америкалық актер, режиссер және продюсер Билл Пэкстон туды (фильмдері: "Смерч", "Чужие", "Тренировочный день");

1956 жылы белгілі америкалық кәсіпқой боксшы, бірнеше салмақтағы әлем чемпионы Шугар Рэй Леонард дүниеге келді. Сексенінші жылдардың үздік боксшыларының бірі саналды.

17 мамырда Қазақстанда кім туды

1949 жылы киноактер, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі Жамбыл Құдайбергенов өмірге келді;

1950 жылы Қазақстан Конституциялық кеңесінің бұрынғы төрағасы Игорь Рогов дүниеге келді;

1953 жылы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туды;

1965 жылы инвестициялар және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов өмірге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Сарышаян белгісінде орналасады. Бүгін бой сергітіп, жақсылап демалған дұрыс. Атпен серуендеуге немесе әуе шарымен ұшуға болады. Көптен кездесе алмай жүрген достарыңызбен жолығып, сырласып, әңгіме-дүкен құрыңыз.

Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (354)

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 15 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 16 мамыр
Кілт сөздер:
мереке, интернет, ай күнтізбесі, танымал есімдер, тарихи оқиғалар, атаулы күндер
Загрузка...

Басты тақырып