Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 мамыр

© Sputnik / Владислав Воднев 18 мамыр - күнтізбе
 18 мамыр - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 138-ші күн, жыл соңына дейін 227 күн бар

18 мамырда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

18 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін - Халықаралық музей күні. Алғаш рет бұл мейрам халықаралық музей кеңесінің шешімімен 1977 жылдың 18 мамырында аталып өтті. Музей күнін әлемнің 100-ден астам мемлекеті мереке ретінде бекіткен. Бұл күні барлық музейде "Музейдегі түн" шарасы ұйымдастырылады. Қазақстанда алғашқы "Музейдегі түн" 2006 жылы Алматы қаласындағы орталық музейде өтті. 
Сонымен қатар бүгін Бүкіләлемдік СПИД-ке қарсы вакцина күні аталып өтеді. Бұл күні әртүрлі ұйымдар мен белсенділер қоғам назарын ВИЧ/СПИД-ке қарсы вакцина әзірлеу мәселесінің маңыздылығына аударуға тырысады.

1997 жылы 18 мамырда АҚШ президенті Билл Клинтон Балтиморда мемлекеттік университет түлектерінің алдында сөз сөйлеп, ғылым мен техника дәуірінде жаңа мақсаттар қоюға үндеді. Оның қатарында СПИД-ке қарсы вакцина әзірлеуді ерекше атап өтті.

18 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар

1830 жылы АҚШ-та алғашқы көгалшапқыш техниканың өндірісі басталды;

1888 жылы АҚШ-та алғашқы граммафон пластинкасы таныстырылды;

1899 жылы Гаагада алғашқы бейбіт конференция басталды.

18 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1945 жылы Қостанай облысында топографиялық-геодезиялық қызмет ұйымдастырылды;

1992 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы ресми сапармен барды;

1996 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ақын Олжас Сүлейменовке "Қазақстанның Халық жазушысы" куәлігін және төсбелгісін табыс етті;

2006 жылы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға туралы "Әлия ғұмыр: ерлік пен өнеге" атты жаңа кітап жарық көрді;

2011 жылы Шымкентте салтанатты түрде Мемлекеттік рәміздер алаңы ашылды;

2017 жылы Нұрсұлтан Назарбаев актер, режиссер Асанәлі Әшімовке "Қазақстанның Еңбек ері" атағын табыс етті.

18 мамырда дүниеге келген танымал тұлғалар

1131 жылы парсы ойшылы, математик, астроном және ақын Омар Хайям дүниеге келді;

1914 жылы румын, кеңес және ресейлік әнші, композитор, Ресейдің Халық әртісі Алла Баянова дүниеге келді;

1962 жылы неміс поп-әншісі Сандра дүниеге келді. Ол 1979-1984 жылдары "Arabesque" тобының жетекші әншісі болды, кейін жеке әнші ретінде өнер көрсете бастаған Сандра 80-90 жылдары еуропа эстрадасындағы ең танымал әртістердің біріне айналды.

18 мамырда Қазақстанда кім туды

1936 жылы Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі, ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы, ядролық сынаққа қарсы "Семей-Невада" қозғалысының жетекшісі Олжас Сүлейменов дүниеге келді;

1940 жылы әділет генерал-майоры, "Парасат" орденінің иегері, "Генералдар кеңесі" республикалық қоғамдық бірлестігі президиумының төрағасы, құқық тәртібі мен заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі халықаралық және үкіметтік комиссия жұмыстарының белсенді мүшесі Рүстем Қайдаров дүниеге келді;

1957 жылы полиция генерал-полковнигі, бұрынғы ішкі істер министрі, Қазақстан президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымов дүниеге келді;

1962 жылы қазақстандық және ресейлік эстрада әншісі, композитор, музыкант, "А’Студио" тобының негізін қалаушылардың бірі және әншісі Батырхан Шүкенов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Шаян белгісінде орналасады. Жеке өміріңізде оң өзгерістер болуы мүмкін. Жұмыста бәрі бірқалыпты, бірақ жақсы бастама көтерсеңіз, қызметіңіз көтеріледі, ол болмаса, сыйақы алатыныңыз анық. Барлығы тек өзіңізге байланысты.     

Жаңалықтар
0