Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 20 мамыр

© Sputnik / Владислав Воднев20 мамыр - күнтізбе
20 мамыр - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 140-шы күн, жыл соңына дейін 225 күн бар

20 мамырда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

20 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – дүниежүзілік метрология күні. Бұл күні түрлі кездесулер, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіліп, әр ел өздерінің метрология саласында жүргізген жұмыстарының қорытындысын шығарады. Қазақстанда алғашқы метрологиялық мекеме 1923 жылы Семей қаласында ашылды;

20 мамыр – халықаралық травмотология маманының күні. Әлемнің барлық мемлекетінде травматология және ортопедия саласындағы дәрігерлер жыл сайын өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Бүгін – джинс шалбарының туған күні. Осыдан 140 жыл бұрын 20 мамырда Levi Strauss & Co фирмасы джинс матасынан жасалған киімге патент алып, оны тіге бастады.

20 мамыр – халықаралық аралар күні. Бұл күн 2018 жылдан бері тойлана бастады.

20 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар

1873 жылы әлемде алғаш рет джинсы шығарыла бастады;

1899 жылы Америка физика қауымдастығы құрылды;

1927 жылы америкалық ұшқыш Чарльз Линдберг тоқтамай Атлант мұхитын ұшып өтті;

1970 жылы Ұлыбританияда алғаш рет аты аңызға айналған The Beatles тобының Let it Be фильмі көрсетілді.

20 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1940 жылы Шығыс Қазақстан облысында "Шығыс сақинасы" жол құрылысы басталды;

1994 жылы Талғар қаласында Тұрар Рысқұловқа ескерткіш орнатылды;

2000 жылы "Алпамыс батыр" жырының 1000 жылдығы республика көлемінде тойланды;

2011 жылы Астанада белгілі дін қайраткері, ойшыл Шейх Кунта-қажы Кишиев атындағы жаңа мешіттің ашылу рәсімі өтті;

2016 жылы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген толықметражды "Сағадат Нұрмағамбетов. Соңғы сұхбат" атты деректі фильмі Севастопольде 14-19 мамыр аралығында өткен деректі фильмдер мен телебағдарламалардың ХІІ халықаралық "Бірге жеңдік" кинофестивалінде жүлделі орынға ие болды. Туынды Кеңес одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің өміріне арналған.

20 мамырда дүниеге келген танымал тұлғалар

1799 жылы француз жазушысы Оноре де Бальзак дүниеге келді;

1943 жылы италия әншісі, әлемге "Феличита" әнімен танылған Альбано Карризи дүниеге келді;

1944 жылы "Грэмми" жүлдесінің иегері, ұлыбританиялық әнші Джо Кокер дүниеге келді;

1967 жылы ресейлік актер, продюсер Гоша Куценко дүниеге келді;

1982 жылы футболдан Чехия құрамасы мен "Арсена" клубының қақпашысы, танымал футболшы Петр Чех дүниеге келді.

20 мамырда Қазақстанда кім туды

1906 жылы Кеңес Одағының батыры Естай Ишанов дүниеге келді;

1918 жылы экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Түймебай Әшімбаев дүниеге келді;

1929 жылы жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Хайдолла Тілемісов дүниеге келді;

1933 жылы медицина ғылымының докторы, профессор Одақ Қабиев дүниеге келді;

1936 жылы филология ғылымының кандидаты, профессор Мұхтар Арынов дүниеге келді;

1938 жылы актер, Қазақ КСР-нің халық әртісі Әнуар Молдабеков дүниеге келді;

1955 жылы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Мерген белгісінде орналасады. Бүгін өте сақ болуыңыз керек. Егер жолда ақша тауып алсаңыз, одан да жоғалтуыңыз мүмкін. Ал егер жақсы сөз естісеңіз, дау-дамайдың ортасында қалуыңыз мүмкін. Сондықтан бұл күні сабыр сақтап, әр әрекетіңізді ойланып істеген жөн. 

Жаңалықтар
0