05:55 22 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
23 мамыр - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 23 мамыр

© Sputnik / Владислав Воднев
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
40 0 0

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 143-ші күн. Жыл соңына дейін 222 күн бар

23 мамырда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

23 мамырда қандай қызықты оқиға болды

2000 жылдан бастап Дүниежүзілік тасбақалар күні аталып өтеді. Бұл бастаманы 1990 жылы құрылған Американың тасбақаларды қорғау қоғамы көтерген болатын. Бүгінде адамдардың кесірінен тасбақалардың кейбір түрі азайып барады. Негізгі мақсат - қоғам назарын осы мәселеге аудару.

23 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар

1922 жылы Уолт Дисней "Лаф-о-Грам Филмз" деп аталатын алғашқы компаниясын құрды. Алайда ол банкротқа ұшырады;

1936 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ өнері мен әдебиеті онкүндігінің қорытынды концертінде Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптары оркестрі "Адай", "Серпер", "Көбік шашқан", "Қос алқа", "Қызыл бидай" күйлерін, ал танымал әнші Жамал Омарова "Қараторғай" пен "Ертіс" әндерін орындады;

1971 жылы Риек әуежайында Aviogenex компаниясының Ту-134 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 78 адам қайтыс болды. Бұл - Ту-134 тарихындағы алғашқы апат;

1985 жылы АҚШ-та бір әйел жасанды ұрықтандырумен жеті бірдей баланы дүниеге әкелді. Олардың үшеуі ғана аман қалды. Бірақ бәрінде патологиялық ауытқулар болды.

1987 жылы КСРО-да "Америка дауысы" радиостанциясын өшіріп тұруды тоқтатты;

1988 жылы Мишель Платини үлкен футболмен қошасты;

1992 жылы ТМД елдерінің стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтарын қысқарту туралы Лиссабон хаттамасына қол қойылды;

2006 жылы аризоналық жеті жасар Брэкстон Билбрей Сан-Франциско шығанағын 47 минутта жүзіп өтті. Алькатрас аралы мен Сан-Франциско авкапаркіне дейінгі екі шақырымнан астам арақашықтықта судың температурасы -13 градус болған. Осылайша, кішкентай Брэкстон 1962 жылы әйгілі Алькатрас абақтысынан қашқан америкалық қылмыскерлер - Фрэнк Ли Моррис пен ағайынды Энглиндер жүзіп өткен жолдың жартысын қайталады.

23 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1996 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті туралы" жарлығы шықты.

2000 жылы "Қазақстан Республикасы - Еуропалық одақ" бағдарламасы аясында парламентаралық комитеттің алғашқы отырысы өтті;

2001 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында Дина Нұрпейісованың туғанына 140 жыл толуына арналған республикалық домбырашылар байқауы өтті;

2005 жылы ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы шығарған "Қазақ" газетінің электронды нұсқасы жасалды. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған жоба Орталық Азия аумағындағы алғашқы цифрлық құжат болып саналады. Онда төл газетіміздің 247 нөмірі бар;

2006 жылы Орал қаласында "Сардар" кемесі суға түсірілді;

2012 жылы Ақордада Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркияның премьер-министрі Реджеп Ердоған "Жаңа синергия" атты екі елдің бірлескен экономикалық бағдарламасына қол қойды.

2012 жылы Алматы қаласына Қарасай мен Талғар аудандары қосылды;

2013 жылы Қазақстандағы "Азия Авто" көлік құрастыру зауыты Ресей нарығына автомобильдердің пилоттық партиясын жеткізді. Көліктердің дені - Chevrolet Captiva кроссоверлері;

2014 жылы Нұр-Сұлтанда География институтының филиалы ашылды;

2015 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы жазғы демалысқа жайлы ТМД-дағы үздік қалалардың қатарына енді;

2016 жылы Atameken Business Channel алғашқы қазақстандық бизнес арна ашылды;

2016 жылы қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Әзербайжан президентінің Құрмет дипломымен марапатталды.

23 мамырда дүниеге келген танымал тұлғалар

1906 жылы танымал синолог, қытайтанушы Георгий Қара-Мырза дүниеге келді;

1908 жылы америкалық физик, транзисторды ойлап тапқан ғалым, Нобель сыйлығының екі мәрте иегері Джон Бардин дүниеге келді;

1925 жылы америкалық генетик және биохимик, физиология мен медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Джошуа Ледерберг дүниеге келді;

1951 жылы шахматтан дүниежүзінің 12-ші чемпионы, халықаралық дәрежедегі гроссмейстер, шахматтан "Оскар" жүлдесінің тоғыз мәрте иегері Анатолий Карпов дүниеге келді;

23 мамырда Қазақстанда кім туды

1924 жылы қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі, тарих ғылымының докторы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Кемал Ақышев дүниеге келді;

1941 жылы қоғам қайраткері, жазушы Әділ Ахметов дүниеге келді;

1946 жылы қолөнер шебері, этнограф-ғалым Дәркембай Шоқпаров дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Тауешкі белгісінде болады. Мемлекеттік органдар мен билік өкілдерімен байланыс жасауға сәтті кез емес. Ақша жағынан бірқатар қиындық болуы мүмкін. Табыстың түсуі тежеледі, шығындар да болады. Алайда жылжымайтын мүлік пен сан алуан ұйымдастырушылық жұмыстар сәтті өтуі керек. Осы күндері саяхатқа шыққан да артық болмайды.

23 мамыр бейсенбіге түсіп отыр. Ол күн Есекқырғанның (Юпитер) қамқорлығында болады. Бейсенбіде адамның интуициясы күшейіп, дос пен дұшпанды ажыратуға көмектеседі. Ал осы күннің энергиясы абырой, табыс пен құрметке бөлейді. Бірақ адамның өзіне деген сенімі болмаса, маңызды істерді кейінге қалдырған дұрыс. Басшылықпен арадағы қатынас ойдағыдай болады. Келіссөздер де сәтті өтеді.

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 22 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 21 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 20 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 19 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 16 мамыр
Кілт сөздер:
тарихи оқиғалар, танымал есімдер, атаулы күндер
Загрузка...

Басты тақырып