Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 31 мамыр

© Sputnik / Владислав Воднев31 мамыр - күнтізбе
31 мамыр - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл григориан күнтізбесінде 151-ші күн. Жыл соңына дейін 214 күн бар.

31 мамырда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

31 мамырда қандай айтулы оқиға болды

Бүгін, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні. Бұл дата 1997 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен бекітілді.

Репрессия жылдары Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілген. Ғылым, мәдениет және саясаттағы бетке ұстар азаматтар, зиялы қауым өкілдері атылды. Тәуелсіз Қазақстанда 1993 жылғы 14 сәуірде "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заң қабылданды.

1988 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 31 мамырды Бүкіләлемдік темекіден бас тарту күні деп жариялады. Осы уақыттан бері бұл дата жыл сайын аталып өтеді. Бұл күннің негізгі мақсаты – адамдарды темекіден бас тартуға шақыру, осылайша шылым шегетіндер санын азайту. 1988 жылы әлемдік қоғамдастықтың алдына XXI ғасырда темекі тарту проблемасын жоюға қол жеткізу міндеті қойылды. Десе де, бұл проблема әлі де шешімін таппай келеді.

Бүгін Ресей азаматтары Адвокатура күнін мерекелейді. 2002 жылы 31 мамырда Ресей президенті В.Путин жаңа "Ресей Федерациясындағы адвокат қызметі және адвокатура туралы" федералды заңына қол қойды. Осы сәттен бастап жыл сайын Ресейде адвокатура қызметкерлерінің төл мерекесі аталып өтеді. Десе де, бұл дата ресми мереке ретінде саналмайды.

31 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар

1859 жылы Лондондағы Вестминстердің сағат мұнарасында бүгінде көпшілікке "Big Ben" атауымен танымал сағат іске қосылды;

1897 жылы Берлинде әлемдегі алғашқы электр темір жолы ашылды;

1884 жылы америкалық дәрігер Джон Харви Келлог жүгері қауызын патенттеді;

1941 жылы Германияда готикалық қаріп латынға ауыстырылды.

31 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1925 жылы Қызылордада Қазақстан кәсіподақтарының алғашқы съезі өтті;

2002 жылы Қазақстан президенті саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткішті ашты;

2005 жылы Петропавлда Н.Погодин атындағы облыстық драма театрының алдындағы алаңда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткiш орнатылды;

2015 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданында КСРО халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Роза Бағланованың ескерткіш-бюсті  ашылды;

2016 жылы Семейде "Абай аналары" аллеясының ашылу салтанаты болды.

31 мамырда дүниеге келген тұлғалар

1930 жылы америкалық киноактер және режиссер Клинт Иствуд туды. Америкалық киноакадемияның бес жүлдесін иеленген. АҚШ республикалық партиясының мүшесі;

1949 жылы америкалық актер, "Алтын глобус" және "Эмми" сыйлықтарының иегері, "Взвод", "Снайпер", "Щепка" фильмдері арқылы танымал Томас Мур өмірге келді;

1961 жылы америкалық актриса және режиссер Лиа Томпсон дүниеге келді. Кино сүйер қауымға "Челюсти 3" және "Назад в будущее" фильмдері арқылы танылған.

1973 жылы кеңестік және ресейлік әнші Наташа Королева туды. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі (2004).

Ай күнтізбесі

Ай Торпақ белгісінде орналасады. Бүгін ашу-ыза, дау-жанжалдан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Жаныңыз жайлылықты қалайды. Келесі аптаға жоспар құрып, уақытыңызды пайдалы өткізуге тырысыңыз.

Жаңалықтар
0