07:45 18 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.07
  • EUR427.54
  • RUB6.08
Эльмира Суханбердиева

Қамауға алынған вице-министр: білімі, атағы мен атқарған қызметі

© Sputnik / Владислав Воднев
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
1010 0 0

Эльмира Суханбердиева 1971 жылы 26 қазанда Атырау облысында дүниеге келген

Эльмира Суханбердиева қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. Психология ғылымдарының кандидаты.

Вице-министрдің алған білімі

  • 1995 жылы "Тарих және құқық" мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін тәмамдады;
  • 2006 - "Құқықтану бакалавры" мамандығы бойынша Халықаралық еңбек академиясын бітірді;     
  • 2009 - Халықаралық МВА бизнес академиясында "Іскерлік әкімшілеу магистрі" мамандығын алды;
  • 2017 - жылы декреттік демалыста болған кезде "Болашақ" бағдарламасының стипендиясына иеленіп, АҚШ -тың Калифорния штатының Беркли университетіне тағылымдамаға барып қайтты.

Суханбердиеваның еңбек жолы

1989-1998 жылдар аралығында тарих пәнінің мұғалімі, балабақшада тәрбиеші қызметтерін атқарды;

1998 -2000 - Алматы облысының Энергетический кентіндегі № 38 мектеп-гимназиясында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

Тағы оқыңыз: Эльмира Суханбердиева не үшін ұсталды?

2000 жылы  Алматы облысы Іле ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыс жөніндегі бас маманы;

2002-2005 - Алматы қаласындағы "Ай-Нұр" жеке лингвистикалық гимназиясының атқарушы директоры;

2005-2007 - Алматы облысы Іле ауданындағы №7 орта мектеп директоры;

Тағы оқыңыз: Әйтімова Суханбердиева туралы ойын айтты

2007-2009 - Алматыдағы "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясында басшылық қызметтерді атқарды.

2009 - Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласындағы "Аrna Media Services" ЖШС әкімшілік-құқықтық жұмыс бойынша бас директоры орынбасарының міндетін атқарушы болды.

Бұдан соң Суханбердиева төрт жыл бойы Астанадағы (қазіргі Нұр-Сұлтан) № 60 мектеп-лицейінің директоры болды;

2012 -  Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласының бесінші шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаты;

Тағы оқыңыз: Вице-министр ісінің тестілеу орталығындағы шуға қатысы бар ма?

2013-2016 - елордадағы білім басқармасын басқарды;

2016 - сәуірінде білім және ғылым министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2017 жылдың тамыз айына дейін жұмыс істеді. 2018 жылдың 17 қыркүйегінде декреттік демалыстан шығып, вице-министр қызметіне қайта кірісті. 

Суханбердиеваның наградалары мен атақтары

"Ерен еңбегі үшін" (2012), "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл", "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл" медальдерімен марапатталған. "Қазақстан республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері " (2011) атағы бар.

Білім вице-министрінің қамауға алынуы

Биыл маусым айында Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева екі айға қамауға алынды. Оның ісі қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша тергеліп жатыр. Суханбердиева лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдаланды, пара алды, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты деген күдікке ілінді.

5 маусым күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы білім және ғылым вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеген болатын.

Тақырып бойынша

Білім вице-министрі Эльмира Суханбердиева қамауға алынды
Ұлттық тестілеу орталығының басшылары ұсталды
Ұлттық тестілеу орталығының басшысы ұсталды – ҰБТ-ға әсер ете ме?
Тестілеу орталығындағы шу: білім министрі отставкаға кете ме?
Вице-министр ісінің тестілеу орталығындағы шуға қатысы бар ма?
Кілт сөздер:
лауазым, Эльмира Суханбердиева, Білім және ғылым министрлігі
Загрузка...

Басты тақырып