14:56 26 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD378.83
  • EUR430.99
  • RUB6.04
12 маусым - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 маусым

© Sputnik / Владислав Воднев
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (327)
53 0 0

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 163-ші күн. Жыл соңына дейін 212 күн бар

12 маусымда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің қалай есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

 12 маусымда қандай айтулы оқиға болды

Бүгін Ресейде аса маңызды мемлекеттік мереке – Ресейдің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы күні немесе Ресей күні. 2002 жылға дейін бұл мейрам осылай аталып келді. Мереке - елдегі ең "жас" мемлекеттік мейрамдардың бірі. Ресейдің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы 1991 жылы 12 маусымда РКФСР халық депутаттарының алғашқы съезінде қабылданған. Декларацияда мемлекет Ресей Конституциясы мен оның заңдарына бағынатыны айтылды. Ол кезде КСРО-ның көптеген республикасы егемендігін жариялау туралы шешім қабылдаған болатын, бұл құжат бұрынғы КСРО-ның республикалары тәуелсіздігін алып жатқанда қабылданды. Елдің жаңа атауы – Ресей (Ресей Федерациясы) деп қабылдау Ресей мемлекеттілігін нығайтудағы маңызды кезең. Тәуелсіздік алумен қатар, бұл күні Ресейдің жаңа президенті сайланды, 1991 жылы ел тарихында алғаш рет  жалпыхалықтық ашық президент сайлауы өтіп, Б.Н. Ельцин жеңіске жетті. Ол 1994 жылғы жарлығымен 12 маусымды Ресейдің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясын қабылдау күні деп жариялап, мемлекеттік мәртебе берді. Бірнеше жылдан соң бұл мейрам Тәуелсіздік күні деп аталып кетті.

Сонымен қатар, бүгін – Дүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрес күні. Мейрам 2002 жылы Халықаралық еңбек ұйымының бастамасымен пайда болды. Соның арқасында әлемдік қауымдастық жұмылып, балалардың құқығын қорғауға атсалысты, себебі әрбір адамның балалық шағын бақытты өткізуге хақы бар. Балалар еңбегін пайдалануда көшбасшы – Азия (153 миллиондай жұмысшы бала тіркелген), балаларды жұмысқа салу бойынша екінші орынды Африка (80 миллион бала) иеленді, одан кейін – Латын Америка (17 миллион бала).

Сонымен қатар бүгін балалар мен ересектерге ортақ ерекше мейрам – Шармен серуендеу күні. Қолыңызға шар ұстап серуендесеңіз, көңліңіз көтеріліп қана қоймай, тәбетіңіз жақсарып, аяқ-қолыңыздың бұлшық еті шынығады. Шармен серуендеу күні отбасыңызға қайталанбас көңіл-күй сыйлайды.

 12 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1898 жылы Филиппин аралардарының тәуелсіздігі жарияланды;

1945 жылы Францияда соғыс кезінде енгізілген баспасөз цензурасы жойылды;

1973 жылы Женевада БҰҰ-ның жаңа органы – БҰҰ-ның қоршаған орта туралы бағдарламаларын басқарушылар кеңесі жұмысын бастады;

2014 жылы Сан-Паулуда футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

 12 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1854 жылы Сібір қазақтарының аймағы құрылды. Құрамына Көкшетау, Атбасар, Ақмола, Қарқаралы аудандары кірген;

1864 жылы орыс әскерлері Түркістанды басып алды;

1886 жылы "Түркістан өлкесін басқару туралы" ереже қабылданды;

1957 жылы ҚазКСР Жоғарғы кеңесі президиумының жарлығымен Екібастұз көмір елді мекенінің атауы Екібастұз қаласы болып өзгертілді;

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды;

2010 жылы Астанада (қазр Нұр-Сұлтан) ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырының екінші учаскесін салу және Орталық Азия-Қытай газ құбырын кеңейту туралы келісім жасалды;

2014 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші пленарлық отырысында "Тойота моторс" жобасы басталды.

 12 маусымда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1920 жылы жазушы Лазарь Карелин дүниеге келді. Шығармалары –  "Землетрясение", "Микрорайон", "Змеелов", "Даю уроки" романдары мен "Свой", "Общежитие" повестері;

1924 жылы АҚШ-тың 41-ші президенті үлкен Джордж Буш дүниеге келді;

1929 жылы еврей қыз, Германия тумасы, Гитлер билікке келген соң отбасымен бірге нацистік террордан қашып, Нидерландыда жасырынған Анна Франк дүниеге келді. Әйгілі "Анны Франктың күнделігі" еңбегін жазған;

1981 жылы бразилиялық супермодель, Victoria's Secret періштелерінің бірі, Maybelline опа-далап компаниясының жарнамалық бейнесі Адриана Лима дүниеге келді.

 12 маусымда Қазақстанда кім туды

1955 жылы сенат депутаты Владимир Волков дүниеге келді;

1958 жылы ақын, философия ғылымдарының кандидаты, мәдениеттанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әуезхан Қодар дүниеге келді;

1963 жылы мәжіліс депутаты, экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің хатшысы Шавхат Өтемісов дүниеге келді;

1966 жылы заң ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Марат Бәшімов дүниеге келді;

1966 жылы ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров дүниеге келді;

1971 жылы Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ислам Байрамуков дүниеге келді.

 Ай күнтізбесі

Ай Таразы жұлдызында орналасады. Есте қаларлықтай ештеңесі жоқ, қарапайым күндердің бірі. Ерекше бір жаңалық болады деп күтпеңіз, бәрі бірсарынды өтеді. Тіпті жалығып, шаршауыңыз да мүмкін. Жұмыста да, үйде де тұрақтылық болады.

Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (327)

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 маусым
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 маусым
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 9 маусым
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 маусым
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 маусым
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 маусым
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 маусым
Кілт сөздер:
тарихи оқиғалар, танымал есімдер, атаулы күндер
Загрузка...

Басты тақырып