Дерекқор

Елорданың жаңа әкімі: Көлгіновтің алған білімі мен атқарған қызметтері

© Photo : Акимат УральскаАлтай Көлгінов
Алтай Көлгінов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып Алтай Көлгінов тағайындалды

Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Үйленген, бес баласы бар.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

2000 жылы әскерде борышын өтеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Altay Kulginov (@altay_kulginov_official)

Алтай Көлгінов қайда білім алды

А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін тәмамдады;

ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірді;

Ұлыбританияның Абердин университетінің түлегі. Алтай Көлгінов "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға түсіп, "халықаралық коммерциялық құқық" магистрі дәрежесін алды. 

Еңбек өтілі

  • 2001-2008 жылдары әділет министрлігі, мемлекеттік қызмет істері агенттігі және бас прокуратура органдарында түрлі лауазымда қызмет атқарды;
  • 2003-2007 – мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқарма басшысының орынбасары;
  • 2007-2008 – әділет министрлігі заң актілерін жасақтау және талдау басқармасының басшысы;
  • 2008-2010 – "АлашМедиаГрупп" компаниясы бас директорының орынбасары;
  • 2010-2012 – Қазақстан президенті әкімшілігі аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Altay Kulginov (@altay_kulginov_official)

  • 2012-2013 – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
  • 2013-2016 – Орал қаласының әкімі;
  • 2016 жылдың 26 наурызынан осы күнге дейін Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облысының әкімі болды;
  • 2019 жылдың 13 маусымынан бастап Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.

Алтай Көлгінов атқарған өзге қызметтер

Қазақстан президентінің жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске  асыру жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі;

Nur Otan партиясы Орал қалалық филиалының төрағасы, кейін Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы болды.

Әлеуметтік желідегі әкім

Елорданың жаңа әкімі әлеуметтік желілерді белсенді қолданады. 2017 жылдың қараша айында Twitter-де тіркелген. Негізінен жұмыс кезінде түсірілген суретпен бөліседі. Қазақ және орыс тілдерінде жазады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Altay Kulginov (@altay_kulginov_official)

Тоқаев наурыз айының соңында әкімдерге әлеуметтік желілерді белсенді пайдалануды тапсырған болатын. Дәл осы кезде Көлгінов өзінің Instagram парақшасын ашты. Алғашқы жазбасы осы жылдың сәуір айында жарияланған.

Жаңалықтар
0