20:27 22 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов

Кәрім Мәсімов бүгін 54 жасқа толды: ҰҚК басшысы туралы қызықты деректер

© REUTERS / POOL / Kenzaburo Fukuhara
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
10224 0 0

Кәрім Мәсімов премьер-министр қызметіне екі рет тағайындалды. Оның сол кездегі жұмысы әлемдік қаржы дағдарысымен тұспа-тұс келген еді

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым — Sputnik. Бүгін қаржыгер, заңгер, қытайтанушы, экономист Кәрім Мәсімов 54 жасқа толып отыр. Осыған орай Sputnik Қазақстан Қазақстанның премьер-министрі қызметіне екі рет тағайындалған Кәрім Қажымқанұлының өмірі мен еңбек жолына шолу жасайды. 

Жастық шағы қайда өтті

Кәрім Мәсімов 1965 жылы 15 маусымда бұрынғы Целиноград қаласында дүниеге келген. Осыдан үш жыл бұрын Кәрім Қажымқанұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бірінші сыныпта түскен фотосын жариялады. Сондағы мәліметтерге сәйкес, болашақ үкімет басшысы Целиноград қаласының №1 мектебінде оқыған. Алғашқы мұғалімі – Валентина Миляева. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Карим Масимов (@kmassimov)

Целиноградта мектеп есігін ашса, түлектер кешін Алматыда атап өтті. 1982 жылы Кәрім Мәсімов Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебін "үздік" деген бағамен бітіріп шықты. Ал екі жылдан кейін Мәскеу қаласындағы Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университетіне түседі. Желідегі оның студент кезіндегі видеосы да бар.   

1988-1989 жылдары Кәрім Мәсімов Бейжіңде қытай тілін оқып, Ухань заң университетінде іс-тәжірибеден өтті. Бұдан бөлек, Қазақ мемлекеттік басқару академиясының аспирантурасын бітірген. Колумбия университетінде топ-менеджерлерді даярлау бағдарламасына қатысты. Ал 1999 жылы Мәскеу мемлекеттік технологиялық академиясында докторлық диссертациясын қорғап шықты. Тақырыбы – "Қазақстан Республикасында өнеркәсіпті құру проблемалары мен шешу жолдары".

Еңбек жолын Қытайда бастады

Кәрім Мәсімов еңбек жолын КСРО-ның Қытайдағы сауда өкілдігінің құқықтық мәселелер бойынша кеңесшісі қызметінен бастаған болатын. Ал Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін еңбек министрлігінде сыртқы экономикалық байланыс бөлімінің басшысы және бас экономист болып жұмыс істеді. Бірақ бір жылдан кейін бизнеске кетіп қалды.

1992 жылы "Қазақпригранторг" фирмасының басшысы, одан кейін "Акцепт" ЖШС директорының орынбасары болды, Қытайдың Үрімші қаласындағы "Қазақинторг" өкілдігінде еңбек етті. Гонконг қаласындағы қазақ сауда үйінің басқарушы директорына дейін өсті. 1995-1997 жылдары үш банк – Алматы сауда-финанс банкі, Тұранәлембанк пен Қазақстан халық жинақ банкін басқарып шықты. Ал 2000 жылы Кәрім Мәсімовтың мемлекеттік қызметтегі карьерасы басталды. Жеті жылдың ішінде ол премьер-министрге дейін көтерілді.

Мәсімов үкіметі не тындырды

Кәрім Мәсімов премьер-министр болған кезде әлемдік қаржы дағдарысы басталды. Содан министрлер кабинетіне дағдарысқа қарсы шараларды даярлау міндеті жүктелді. Осылайша, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы әзірленді. Сол кезде үкімет мүшелері жаппай планшет ұстай бастады.

2011 жылы кезектен тыс президенттік сайлаудан кейін Кәрім Қажымұқанұлының үкіметі отставкаға кетіп, бірнеше сағаттың ішінде қайтадан тағайындалған болатын. Ал бір жылдан кейін Кәрім Мәсімов жұмыстан өз еркімен кетті. Бірақ 2014 жылы тағы да осы қызметке тағайындалды. Дәл сол жылы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бесжылдығы аяқталды. Үкімет басшысы дүкендерді өзі аралап, нанның бағасын бақылады.   

2016 жылы Моңғолияның Баян-Өлгий қаласындағы селден кейін Қазақстаннан гуманитарлық көмек жіберілді. Сол кезде Кәрім Мәсімов қазақ диаспорасымен кездесіп, қазақ тілін білу деңгейін де көрсетті.

Ал Ресейдің үкімет басшысы Дмитрий Медведевпен болған кездесуде Кәрім Мәсімов Кенесары хан мен Кейкі батырдың бас сүйегін қайтару мәселесін қозғады. Сол жылы Кейкі батырдың бас сүйегі Қазақстанға жеткізілді.

Мәсімов үкімет басқарған тұста жаңа ақша-кредиттік саясат жарияланып, теңге бағамы еркін айналымға жіберілді.

Спортпен айналысқанды ұнатады

Қаржыгер, заңгер, қытайтанушы, экономика ғылымдарының докторы Кәрім Мәсімов орыс, қазақ, ағылшын, қытай және араб тілдерін меңгерген. Спортпен де шұғылданады. Ол Қазақстандағы муай-тайды дамытуға зор үлесін қосты. Қазақстанның тай боксы федерациясын басқарады. Кәрім Қажымқанұлы марафондарға да жиі қатысып тұрады. Бұдан бөлек, тау шаңғысымен айналысады. Альпинизмге де бейімі бар.   

Айта кетейік, 2016 жылы Кәрім Мәсімов ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы қызметіне тағайындалды. Жақында Қазақстанның жаңадан сайланған президенті оны сол лауазымында қалдырды. Енді тағы үш жыл отырса, Нұртай Әбіқаевтан озып, осы қызметте де рекорд жасауы мүмкін.

Үйленген. Жұбайы – Дилярам Мәсімова, қызы – Тамила Мәсімова.   

Тақырып бойынша

Тоқаев 66 жасқа толды: президент туралы қызықты деректер
Ринат Зайытов туралы не білеміз?
36 жастағы министр Асхат Аймағамбетов туралы не білеміз?
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы қызықты деректер
Кілт сөздер:
Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Кәрім Мәсімов
Загрузка...

Басты тақырып