Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 19 маусым

© Sputnik / Владислав Воднев19 маусым - күнтізбе
19 маусым - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 170-ші күн, жыл соңына дейін 195 күн бар

19 маусымда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

19 маусымда қандай айтулы оқиға болды

Бүгін - Халықаралық жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы күн. 2015 жылы 19 маусымда БҰҰ Бас Ассамблеясы әртүрлі қақтығыстар жағдайында (саяси, діни, ұлттық сипаттағы халықаралық, мемлекетішілік (азаматтық) соғыстар) жыныстық зорлық-зомбылық көрсету мәселесіне көпшіліктің назарын аударту мақсатында осы күнді арнайы қарармен бекітті.

Кувейт ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Аталған мейрам 1961 жылы ресми түрде енгізілген. Кувейт Батыс Азияда, Арабия түбегінің солтүстік-шығысы мен Парсы шығанағының 9 аралында орналасқан. Астанасы - Әл-Кувейт. Ресми тілі - араб тілі. Діні - исламның сүннит және шиит тармақтары. Кувейттің басқару формасы - конституциялық монархия.

Алжирде 1965 жылдан бері Төңкеріс күні тойланады. Бұл мемлекет Солтүстік Африкада, Жерорта теңізінің батысында орналасқан. Әкімшілік жағынан 15 уәлаятқа бөлінеді. Астанасы - Алжир қаласы. Ресми тілі - араб. Ақша бірлігі – динар.

Ал Венгрия Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр. Бұл мейрам ресми күнтізбеге 2001 жылы енгізілді. Атаулы күн Венгрияға кеңестік басқыншылықтың аяқталуына, сондай-ақ 1956 жылғы Венгрия төңкерісін басып-жаныштаушыларды жазаға тартуға орай белгіленді.

АҚШ-та Эмансипация күні тойланады. Сондай-ақ, бұл мерекені "Бостандық күні" деп атайды. 1862 жылы Техас штатында афроамерикалықтар құлдықтан босатылған болатын. Осыған орай Эмансипация күні белгіленді.

Бұдан бөлек, 19 маусымда Жер радиусының күні аталып өтеді. Себебі дәл осы күні грек ғалымы Эратосфен Киренский жердің радиусын есептеп шығарды.

19 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1829 жылы сэр Роберт Пиль Лондон полициясын құрды;

1862 жылы АҚШ-тың барлық штатында құл ұстауға тыйым салынды;

1999 жылы Counter-Strike атты онлайн-шутердің алғашқы нұсқасы (1.0 Beta) шықты.

19 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1918 жылы "Ақтөбе хабаршысы" газетінің бірінші нөмірі жарық көрді;

2000 жылы Петропавл қаласында музыкалық драма театры ашылды;

2001 жылы Қазақстанда 184,5 шақырымдық "Ақсу-Дегелең" темір жолы іске қосылды;

2007 жылы қалалық мәслихат шешімімен Семипалатинск қаласы ресми түрде Семей болып өзгертілді;

2009 жылы Семейде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарусыздануды қолдау митингісіне қатысып, Семей полигоны жабылған күн - 29 тамызды Дүниежүзілік жаппай қырып-жою қаруынан бас тарту күні деп жариялау бастамасын көтерді;

2010 жылы Астанада (қазір Нұр-Сұлтан) қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының еңселі ескерткіші ашылды.

19 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

1662 жылы француз математигі, механик, физик, әдебиеті және философ Блез Паскаль дүниеге келді;

1945 жылы ресейлік театр және кино әртісі Наталья Селезнева дүниеге келді;

1972 жылы француз актері, "Оскар" мен "Алтын глобустың" иегері Жан Дюжарден дүниеге келді.

19 маусымда Қазақстанда кім туды

1884 жылы қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кенен Әзірбаев дүниеге келді;

1966 жылы "Алаш" мәдениет және рухани даму институтының директоры, профессор, мемлекеттік "Дарын" сыйлығының, Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясының иегері Дихан Қамзабекұлы дүниеге келді;

1976 жылы "Алтын Жұлдыз" сыйлығының, Қазақстан Республикасы Президентінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының лауреаты Ғалым Боқаш дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай бүгін Тауешкі жұлдызында болады. Ақша жағынан біршама қиындық болуы мүмкін. Алайда жылжымайтын мүлікке қатысты шаруалар ойдағыдай іске асады. Саяхатқа шығуға болады. Күш-қуаттыңыз сарқылғандай болуы мүмкін. Сол себепті денсаулығыңызға мұқият болыңыз. Спортпен шұғылданып, я болмаса массаж жасатқан жөн.

Жаңалықтар
0