16:29 09 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD435.54
  • EUR473.08
  • RUB5.76
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Арыстағы жарылыс (87)
1976 0 0

Соңғы он жыл ішінде Арыс қаласының маңында төрт жарылыс болды. Қорғаныс министрлігі 2019 жылдың 24 маусымында болған жарылысты бұған дейінгі төтенше жағдайлармен салыстыруға болмайды деп санайды

2019 жылдың маусымы

Дүйсенбі күні, 2019 жылдың 24 маусымында Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында жойқын жарылыс болды. Қоймадағы жарылыс туралы ақпар өртке қарсы қызмет пультіне таңғы сағат 09:20-да келіп түскен. Жарылыс соңы алапат өртке ұласқан.

Облыста төтенше жағдай жарияланды. Қала тұрғындары дереу Шымкент пен жақын маңдағы аудандарға көшірілді. 16:30-дағы мәлімет бойынша, Шымкенттің №1 қалалық клиникалық ауруханасына 40-дан астам адам түскен.

Тағы оқыңыз: Арыстағы жарылыс: 500-ден астам адам Шымкент мешітін паналап отыр

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс, ішкі істер министрлері мен Түркістан облысының әкіміне әскери бөлім қоймасындағы оқ-дәрі жарылысының зардаптарын жою бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

2015 жылдың қарашасы

2015 жылдың 8 қарашасында сағат 10:40 шамасында Арыс маңындағы "Қазтехнология" ЖШС-ның жару алаңындағы полигонында қалдықтарды жою кезінде жарылғыш заттар жарылды.

Салдарынан "Кәдеге жарату орталығы" филиалының технологы, 1974 жылғы Ермұрат Иманқұлов көз жұмды.

Жарылыстан кейін өндірістің оқ-дәрі мен қалдықтарды жою жұмыстары уақытша тоқтатылғаны хабарланды.

Тағы оқыңыз: Арыстағы жарылыс: Қазақстандағы қару-жарақтың жартысы Кеңес одағынан қалған

Сол кездегі қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов ведомствода аппарат жиналысын өткізіп, мұндай жағдай қайталанбауы тиіс екенін қадап айтты. Ол робототехниканы енгізу арқылы адам ресурстарын жұмылдыруды барынша азайту туралы тапсырма берді.

2014 жылдың маусымы

2014 жылдың жазында Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан) "Қазақжарылысөнеркәсібі" АҚ-ның оқ-дәріні жою зауытында төтенше жағдай болды. Арыс қаласына жақын маңдағы учаскеде жарылғыш қоспасы жарылған.

Ауысым басшысының денесін күйік шалып,  ер адам мен әйел оқиға орнында қаза тапты. БАҚ көз жұмған әйелдің күйеуі басқа кәсіпорында дәл осындай жағдайда мерт болғанын жазған еді.

Жарылыс қоспасы аптап ыстықтан жарылған болуы мүмкін екені хабарланды.

Тағы оқыңыз: Қарағанды түбінде сарбаздың қолында граната жарылып кетті

2009 жылдың наурызы

2009 жылдың наурызында Арыстағы "Қазарсенал" ЖШС-да снарядтарды жою кезінде бірнеше жарылыс болды.

Алапат өрттің салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды, компанияның тағы 17 жұмысшысы денесін күйік шалып, ауруханаға түсті. Кейінірек қаза болғандардың саны төрт адамға дейін өскені хабарланды.

Үкіметтің арнайы комиссиясы трагедияға қауіпсіздік техникасы ережелерін өрескел бұзу (жарылу қаупі бар заттар дұрыс сақталмаған) себеп болғанын анықтады.

Арыстағы жарылыс кезінде алты жасар қыз жоғалып кетті

Қазақстан президенті Арыстағы жарылысқа қатысты шұғыл тапсырма берді

Түркістан облысында жарылыстан кейін төтенше жағдай жарияланды 

 

Тақырып:
Арыстағы жарылыс (87)
Кілт сөздер:
оқ, жарылыс, Түркістан облысы
Загрузка...

Басты тақырып