07:47 17 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD377.19
  • EUR408.99
  • RUB5.93
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
36 0 0

Бұл – Григориан күнтізбесінде 182-ші күн, жыл соңына дейін 183 күн бар

1 шілдеде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

1 шілдеде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін - халықаралық сәулешілер күні. Мереке халықаралық сәулетшілер одағы кеңесінің бастамасымен 1986 жылдан бастап жыл сайын аталып өтеді.

1 шілдеде Канаданың ұлттық мейрамы - Канада күні болып бекітілген. 1867 жылдың наурызында ағылшын парламенті акт қабылдаған. Құжат 1867 жылдың 1 шілдесінде күшіне енді. Оған сәйкес, Канада өзін-өзі басқара алатын Ұлыбританияның доминионына айналды.

Сондай-ақ бүгін Ресейде экономикалық қылмыспен күресетін салық қызметкелерінің күні мерекеленеді.

1 шілде күннен қорғайтын көзілдіріктің жасалған күні. Ғалымдар алғашқы күннен қорғайтын көзілдірік XVI ғасырда жасалғанын айтады. Ал өткен ғасырдың 20 жылдары адамдар көзілдірікті жиі таға бастаған. Себебі, осы уақыттан бастап, күннен қорғайтын көзілдіріктер адамдарға ыңғайлы етіп жасалды.

1 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1875 жылы  Халықаралық пошта одағы жұмысын бастады;

1877 жылы теннистен Уимблдон турнирі алғаш рет өткізілді;

1968 жылы ұлыбританиялық танымал The Beatles тобының мүшесі, музыкант, композитор Джон Леннонның алғашқы сурет көрмесі өтті;

1911 жылы поляк биохимигі Казимир Функ ағзаны сауықтыратын диетаға керекті химиялық заттарды сипаттау үшін алғаш рет "витамин" сөзін қолданды;

1979 жылы Sony компаниясы Walkman алғашқы таспалы аудиоплеерін таныстырды;

2000 жылы АҚШ-та қаржы құжаттарын электронды қолтаңбамен куәландыруға рұқсат етілді.

1 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1643 жылы қазақтар мен жоңғарлар арасында Орбұлақ шайқасы болды. Бұл шайқаста Жәңгір хан мен Жалаңтөс батыр бастаған қол батыр Қонтайшының әскерін жеңді;

1958 жылы "Қазақ темір жолы" құрылды. Ұзындығы 11 мың шақырымнан асқан темір жол 15 бөлімнен тұрып, Қазақстанды Сібір, Орал, Волга маңы, Қырғызстан және Орта Азиямен біріктіретін барлық магистральмен байланыстырды;

1968 жылы "Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты" құрылды. Кәсіпорынның негізгі мақсаты – тұтынушыларды электр энергиясымен, отынмен, дистилятпен және сумен жабдықтау болып саналады;

1993 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы республикалық қордың ашылу салтанаты өтті;

1994 жылы қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев "Мир" ғарыш стансасына аттанды. 176 тәулік болды;

1994 жылы Алматы қаласында Райымбек батыр кесенесінің ашылу салтанаты өтті;

1996 жылы Щучье қаласында Қазақстан қарулы күштері құрамына кіші командирлер кадрын дайындау мақсатында кадет корпусы ашылды. 2000 жылы осы оқу орнына қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф, географ, фольклоршы Шоқан Уәлихановтың есімі берілді;

2005 жылы Қазақстан "Краков бастамасы" деген атпен белгілі жаппай қырып-жою қаруының таралуы саласындағы қауіпсіздік бастамасына қосылды;

2008 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың №625 жарлығына сәйкес ҚР президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылды;

2011 жылы Кеден одағы өз жұмысын бастады. Осы жылы Ресей, Беларусь және Қазақстан арасындағы ішкі шекараларда кеден бақылауы алынып тасталды;

2013 жылы Qazsport телеарнасы ашылды.

1 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

1804 жылы француз жазушысы Жорж Санд (Аврора Дюпен) дүниеге келді;

1961 жылы Уэльс ханзадасының бұрынғы әйелі Диана ханшайым дүниеге келді;

1967 жылы канадалық фотомодель, әртіс Памела Андерсон дүниеге келді. Ол қалың көрерменге "Спасатели Малибу" фильмі арқылы танылды;

1972 жылы англиялық әртіс Клэр Форлани дүниеге келді;

1977 жылы АҚШ кино әртісі Лив Тайлер дүниеге келді. Ол "Невероятный Халк", "Робот және Фрэнк" фильмдеріне түскен.

1 шілдеде Қазақстанда кім туды

1883 жылы ақын, аудармашы, ағартушы, педагог Бекет Өтетілеуов дүниеге келді;

1911 жылы Қазақстанда құқықтық білім беру мен заң ғылымын дамытуды алғашқы ұйымдастырушылардың бірі, заң ғылымының кандидаты, доцент, заңгер-ғалым Тайыр Күлтелеев дүниеге келді;

1937 жылы мемлекеттік және саяси қайраткер Асқар Құлыбаев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Егіздер белгісінде орналасады. Жаныңызда жағымпаз адамдардың көп екенін ұмытпаңыз. Бірақ сізге олардың еш зияны тимейді. Қиын сәттерде тек өзіңізге сеніңіз.

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 26 маусым
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 28 маусым
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 27 маусым
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 29 маусым
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 30 маусым
Кілт сөздер:
күнтізбе, атаулы даталар, тарихи оқиғалар
Загрузка...

Басты тақырып