10:37 25 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
2 шілде - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 шілде

© Sputnik / Владислав Воднев
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)
55 0 0

Бұл – Григориан күнтізбесінде 183-ші күн, жыл соңына дейін 182 күн бар

2 шілдеде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

2 шілдеде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін - Дипломатиялық қызмет күні. Ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылы 1 шілде күні қол қойылған "1998 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан президенті жарлығына толықтырулар енгізу туралы" жарлығына сәйкес аталып өтеді.

Сонымен бірге бүгін Халықаралық спорт журналистерінің күні тойланады. Бұл күн Халықаралық спорт баспасөз қауымдастығының бастамасымен 1995 жылдан бастап аталып өтіп келеді.

Және де бүгін - Дүниежүзілік уфологтар күні. 2 шілдеде бүкіл әлемде беймәлім ұшатын нысан күні немесе уфологтар күні тойланады.

Сонымен қатар бүгін Халықаралық иттер күні тойланады. Ит – жеті қазынаның бірі, адамның досы. Ақылды жануар ыммен және сөзбей айтылған 250 бұйрықты орындай алады екен. Иттердің ойлау қабілеті 2 жастағы баланыкімен бірдей.

2 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1499 жылы Америго Веспуччи Амазонка сағасын ашты;

1698 жылы Томас Сейвери әлемдегі ең алғашқы бу машинасын патенттеді;

1900 жылы Парижде ІІ Олимпиада ойындары ашылды;

1924 жылы Халықаралық спорт баспасөз қауымдастығы құрылды;

1947 жылы АҚШ-тың Нью-Мексико штатындағы Розуэлле қаласында беймәлім ұшатын нысан (НЛО) апатқа ұшырады;

1948 жылы Бе-6 ұшағы сынақтан сәтті өтті;

1954 жылы Еуропалық радиохабар тарату одағының шеңберінде құрылған Халықаралық телеарна ұйымы (Евровидение) өз жұмысын бастады;

1964 жылы АҚШ-та қоғамдық орындарда, оқу орындарында және сайлау кезінде нәсілдік және діни наным-сенімі бойынша қысым көрсетуге тыйым салған азаматтық құқық туралы заң күшіне енді;

1976 жылы Оңтүстік Вьетнам мен Солтүстік Вьетнам бірігіп, Вьетнам біртұтас социалистік мемлекеті болып жарияланды.

1990 жылы КОКП-ның тарихындағы соңғы XXVIII съезі жұмысын бастады;

2001 жылы АҚШ-та пациентке AbioCor атты жасанды жүрек салынды.

2 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1996 жылы Қазақстанның "Саяси партиялар туралы" заңы қабылданды;

1998 жылы Қазақстанның "Жемқорлықпен күрес туралы" заңы қабылданды;

2003 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімді бекіту туралы" заңға қол қойды;

2003 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы Каспий теңізі түбін екі ел арасындағы межелеу туралы келісімді және осы келісімге хаттаманы бекіту туралы" заңға қол қойды;

2007 жылы Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан) Есіл өзені арқылы өтетін М-2 автокөлік көпірі ашылды;

2009 жылы Орал қаласындағы Достық даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында журналистер аллеясы ашылды;

2010 жылы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық комбинатының №4 домна пешінде Қазақстан магнитінің 50 жылдығына орай мерейтойлық шойын шығару салтанаты өтті;

2011 жылы Бейбітшілік және келісім сарайында экшн жанрындағы кинофестивальдің тұсауы кесілді. Бұл кинофестивальдің ұйымдастырушысы – танымал режиссер, продюссер Тимур Бекмамбетов;

2014 жылы Астанада Қазақстанның ұлттық музейі ашылды;

2014 жылы Gakku TV телеарнасы іске қосылды.

2 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

1904 жылы француз теннисшісі, "Үлкен дулыға" турнирінің 7 дүркін жеңімпазы, Lacoste киім маркасының негізін қалаушы Рене Лакост дүниеге келді;

1922 жылы француз модельері Пьер Карден дүниеге келді;

1925 жылы Африканың саяси қайраткері, Конго Демократиялық Республикасының бірінші премьер-министрі Патрис Лумумба дүниеге келді;

1957 жылы кеңестік және ресейлік әртіс, кинорежиссер Александра Яковлева дүниеге келді;

1961 жылы украиналық режиссер, продюсер, "1+1" телеарнасының негізін қалаушы Александр Роднянский дүниеге келді;

1982 жылы украиналық әнші, тележүргізуші Елка (Елизавета Иванцив) дүниеге келді;

1986 жылы АҚШ әртісі, әнші, модель, дизайнер Линдси Лохан дүниеге келді.

2 шілдеде Қазақстанда кім туды

1936 жылы Қазақстанның халық әртісі Ақсақал Қалмырзаев дүниеге келді;

1940 жылы ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Кеңесбай Үшбаев дүниеге келді;

1942 жылы Қазақстан және Қырғызстанның халық ақыны Мұхтар Шаханов дүниеге келді;

1960 жылы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бұрынғы төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Шаян белгісінде орналасады. Бүгін – ар алдында жауап беретін күн. Сондықтан өткенді електен өткізіп, болашақты бағдарлаңыз. Өз-өзіңізді алдамай, көкейде жүрген сұрақтарға жауап беріп, жоспарланған шаруаның неге жүзе аспағаны жөнінде өз-өзіңізге есеп беріңіз.

Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 шілде
Кілт сөздер:
тарихи оқиғалар, танымал есімдер, атаулы күндер
Загрузка...

Басты тақырып