18:04 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
3 шілде - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 шілде

© Sputnik / Владислав Воднев
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)
47 0 0

Бұл - Григориан күнтізбесінде 184-ші күн, жыл соңына дейін 181 күн бар

3 шілдеде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

3 шілдеде қандай айтулы оқиға болды

Беларусьте мемлекеттік мейрам - Тәуелсіздік күні. 1996 жылы осы елдің президенті Александр Лукашенко Тәуелсіздік күнін елді фашистік Германиядан азат еткендердің құрметіне орай шілденің 3-інде атап өтуге жарлық шығарды. Жыл сайын бұл күні әскери парад ұйымдастырылады.

Хакасия Республикасы ұлттық күні - "Хакас Чирі" мерекесін атап өтеді. Бұл мейрам республиканың 1992 жылдың 20 қазанындағы "Хакасия Республикасы күні туралы" заңымен бекітілген.

Алжирде Тәуелсіздік күнін тойлайды.

1936 жылдан бері Ресейде жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік инспекция күні аталып келеді. Сол жылы 3 шілде күні КСРО Халық комиссарлары кеңесі автомобиль инспекциясын құру туралы ережені қабылдады. Бастапқыда құрылымның құзіретіне шопырларды даярлау мен тәрбиелеу, сондай-ақ жол-көлік апаттарымен күресу міндеттері жатқан. Алғашқы жылы МАИ-дың штатында 57 адам болыпты.

Сондай-ақ, бүгін - Алтай Республикасының құрылған күні. 1991 жылы Ресей Федерациясының құрамындағы Таулы Алтай автономды облысы республика мәртебесін алды. Мемлекет оңтүстік-батысында Қазақстанмен шектеседі.

3 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1841 жылы ағылшын астрономы Джон Адамс Нептун планетасын ашқандығын жариялады;

1915 жылы Түркияда алғашқы қағаз ақша айналымға шығарылды;

1928 жылы алғашқы теледидарлар сатылымға шықты. Олардың бағасы 75 доллар болған;

1929 жылы Dunlop Latex зертханасында алғаш рет каучук өндірілді;

1962 жылы Франция Алжирдың тәуелсіздігін жариялады;

1964 жылы АҚШ-та азаматтық құқықтар туралы заң қабылданды. Оған сәйкес, нәсілдік сегрегацияға тыйым салынады;

3 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1903 жылы Қазақстандағы орта білім мекемелерінің бірі - Семей мұғалімдер семинариясы ашылды;

1960 жылы Қарағандыдағы металлургия комбинатында тұңғыш домна пеші іске қосылды;

1999 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай қаласында "Алпамыс батыр" эпосының 1000 жылдығы аталып өтті;

2006 жылы Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан) меценаттар клубы құрылды;

2008 жылы Қазақстан үкіметінің қаулысы бойынша "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" құрылды;

2009 жылы "Астана Арена" стадионы ашылды;

2009 жылы елорданың индустриялық аумағында локомотив құрастыратын жаңа зауыт ашылды;

2013 жылы археологтар Ақмола облысы Сандықтау ауданының бұрынғы Сарқырама мекенінен біздің заманымызға дейінгі IV ғасырға тиесілі бірқатар бірегей ескерткішті тапты.

3 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

1924 жылы Сингапурдың бұрынғы президенті Селлапан Раманатан дүниеге келді;

1962 америкалық киноактер және продюсер Том Круз дүниеге келді;

1971 жылы WikiLeaks негізін қалаушы, интернет-журналист Джулиан Пол Ассанж дүниеге келді.

3 шілдеде Қазақстанда кім туды

1948 жылы филология ғылымдарының докторы, профессор, білім беру ісінің үздігі, академик Серік Негимов дүниеге келді;

1952 жылы "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Ақшолақов дүниеге келді;

1954 жылы ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Ерұлан Бағаев дүниеге келді;

1966 жылы суретші, Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан президенті сыйлығының, мемлекеттік стипендияның, мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының иегері Қазыбек Әжібекұлы дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай бүгін Шаян белгісінде болады. Қарыз бермеген жөн, себебі ақшаның қайтқанын ұзақ күтуге тура келеді. Сонымен қатар бүгін адамдар эмоцияға тез берілгіш келеді, сондықтан жақындарыңызды ренжітпеуге тырысыңыз. Ал рухани күш жинауға аутотренинг пен медитация жақсы көмектеседі. Сондай-ақ металл заттар мен оттан сақ болған жөн. Дегенмен сәрсенбінің сәті біраз мәселені шешуге көмектеседі.

Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 шілде
Кілт сөздер:
тарихи оқиғалар, танымал есімдер, атаулы күндер
Загрузка...

Басты тақырып