Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 шілде

© Sputnik / Владислав Воднев6 шілде - күнтізбе
6 шілде - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл - Григориан күнтізбесінде 187-ші күн, жыл соңына дейін 178 күн бар

6 шілдеде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

6 шілдеде қандай айтулы оқиға болды

Бүгін елімізде Елорда күні тойланады. Бұл – ҚР-ның 2008 жылғы 25 маусымдағы заңымен бекітілген мемлекеттік мереке. Мейрамның тарихи-мәдени мән-мағынасы зор. Қала 1830-1961 жылдары Акмолинск деп аталған. Ал 1961-1992 жылдары Целиноград, 1992-1998 жылдары Ақмола болды. 1998 жылдың 6 мамырында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола атауын Астана деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. 2019 жылдың 23 наурызында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Астана Нұр-Сұлтан атауына ие болды. Елорда күні елдің барша өңірінде аталып өтеді. 

6 шілдеде Ресейде Достоевский күні. Орыс әдебиетін бұл жазушының шығармашылығынсыз елестету мүмкін емес. Достоевскийдің ғұмыры сан түрлі шиеленісті кезеңдерге толы болған. Оқырман мұны жазушының туындыларынан да түсіне алады. Мереке күні жазушының музейіне экскурсиялар ұйымдастырылып, ескерткішіне гүл шоғы қойылады.

Сондай-ақ, бүгін Бүкіләлемдік сүйісу күні. Мерекені алғаш рет Ұлыбританияда ойлап тапты. Біріккен ұлттар ұйымы мейрамды ресми түрде бекітті. Бұл – жастықтың, сұлулық пен көтеріңкі көңіл-күйдің мерекесі.

6 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1785 жылы доллар АҚШ-тың ұлттық валютасы болды;  

1928 жылы Нью-Йоркте толықтай дыбысталған әлемдегі тұңғыш киносеанс өтті;

1954 жылы Элвис Пресли өзінің алғашқы пластинасын жазды;

1994 жылы АҚШ экрандарына "Форрест Гамп" фильмі шықты.

6 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1994 жылы ҚР жоғарғы кеңесі тұңғыш президенттің ел астанасын Алматыдан Астанаға көшіру жөніндегі ұсынысын мақұлдау жөнінде қаулы қабылдады. Арада төрт жыл өткеннен кейін астанасының тұсаукесері болды;

2000 жылы астанада Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры ашылды;

2001 жылы елордада Еуразия ұлттық университетінің жанындағы "Отырар кітапханасы" ғылыми орталығы құрылды;

2005 жылы елордадағы "Синема Сити" кинотеатрында қазақ кинопрокаты тарихындағы ең ірі жоба "Көшпенділер" фильмінің тұсаукесері болды. Қазақстанның "Ғасыр жобасы" аталған кинотуындыға 34 миллион АҚШ доллары жұмсалды;

2009 жылы Құмкөл даласында "Торғай Петролеум" мұнай компаниясының күшімен сұйытылған газ дайындайтын зауыт іске қосылды;

2012 жылы Нұрсұлтан Назарбаев астанада жаңа "Әзірет Сұлтан" мешітін ашты;

2015 жылы астана күніне арналып дайындалған салмағы 700 келіден асатын бесбармақ Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.

6 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

1946 жылы америкалық актер, сценарист және режиссер Сильвестр Сталлоне дүниеге келді (фильмдері: "Рокки", "Рэмбо", "Неудержимые" және т.б.);

1951 жылы автралиялық театр және кино актері, "Оскар" жүлдесінің иегері  Джеффри Раш дүниеге келді;

1975 жылы америкалық рэпер, актер, продюсер Кертис Джексон (50 cent) дүниеге келді;

1980 жылы француз актрисасы, модель Ева Грин дүниеге келді.  

6 шілдеде Қазақстанда кім туды

1940 жылы мемлекет қайраткері, ҚР тұңғыш президенті - Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев дүниеге келді. Ол 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы, ҚР ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, РФ әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры, Беларусь ғылым академиясының құрметті мүшесі, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. 30 жыл бойы Қазақстанды басқарды. 2019 жылдың 20 наурызында президенттік өкілеттігін тоқтатты.

Ай күнтізбесі

Ай Бикеш белгісінде орналасады. Бұл күні бәріне сіздің қолдауыңыз бен көмегіңіз қажет болады. Қиын жағдайда қол ұшын созудан бас тартпаңыз. Бұған бір күніңізді жұмсасаңыз да, жақындарыңызға көмек көрсеткеніңіз жөн болады.

Жаңалықтар
0