08:39 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
14 шілде - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 шілде

© Sputnik / Владислав Воднев
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)
34 0 0

Бұл григориан күнтізбесінде 195-ші күн. Жыл соңына дейін 170 күн бар.

14 шілдеде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

14 шілдеде қандай атаулы оқиға болды

Жыл сайын Францияда ұлттық мереке – Бастилияны азат ету күні тойланады. 1789 жылы париждіктер көтеріліске шығып, Бастилия түрме-қамалын басып алған еді. Ұлы француз революциясының тарихы осы оқиғадан бастау алады. Бастилияны азат ету – тек Франция емес, барша адамзат тарихындағы ұлы оқиғалардың бірі. Себебі, бұл оқиға саяси бостандықтың символына айналды.

Бүгін – Оңтүстік Осетияда бітімгерлер күні. Бұл мереке республика көлемінде кеңінен аталып өтеді. 2008 жылы грузиялық әскерлер Оңтүстік Осетияға шабуыл жасады. Салдарынан ел астанасы Цхинвалдың жарты бөлігі күл-талқан болды. Оңтүстік Осетия тұрғындарын қорғау үшін Ресей бұл елге әскерін кіргізді. Грузиямен қарулы қақтығыс бес күнге созылды. Грузиялық әскерлер Оңтүстік Осетия аумағынан кейін шегінуге мәжбүр болды. Алайда қақтығыс кезінде 64 ресейлік әскери қызметкер қаза тапты. Оның арасында 15 бітімгер бар. Достық және өзара көмек туралы келісімге сәйкес, 2009 жылдың 30 сәуірінен Оңтүстік Осетия аумағына Ресейдің төртінші әскери базасымен РФ Федералды қауіпсіздік қызметінің шекара басқармасы орналастырылды.

14 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1867 жылы Ұлыбританияның Сюррей графтығындағы Рэдхилл карьерінде Альфред Нобель алғаш рет динамитті сынақтан өткізді;

1917 жылы Финляндия автомониялық мемлекет екенін жариялады;

1952 жылы америкалық General Motors компаниясы әлемде алғаш рет көліктерге кондиционер орнататынын жария етті;

1976 жылы Канадада өлім жазасы алынып тасталды.

14 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1997 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы құрылды;

1998 жылы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде бірінші мұнай ұңғымасын бұрғылау басталды;

2005 жылы Алматыда Орталық Азиядағы адам құқығын қорғайтын Мұсылман комитетінің бас кеңсесі ашылды;

2009 жылы Қарағанды археологтары Нұра өзенінің ортаңғы ағысының тұсынан сақ дәуірінің жәдігерлерін тапты;

2012 жылы Американың Nadine Krakov Collection дүкені еВау электронды аукционында XVII ғасырда Қазақстанда тігілген әлемдегі ең қымбат тақияны сатылымға шығарды. Асыл тастармен әшекейленген көне бас киімнің бастапқы бағасы 15,5 мың доллар деп бағаланды;

2014 жылы 6 жасар алматылық қыз Софи Манасян Австриядағы дарындылар шоуында Қазақстанның намысын қорғап, алтын мүсін мен "Алтын үміт" жүлдесін жеңіп алды;

2015 жылы Ақтөбе облысында археологтар сармат шонжарларының қорымын тапты.

14 шілдеде туған танымал тұлғалар

1913 жылы АҚШ-тың 38-ші президенті Джеральд Форд дүниеге келді;

1903 жылы танымал америкалық жазушы Ирвинг Стоун өмірге келді;

1918 жылы швед кино режиссері, авторлық кино түсірудің шебері Ингмар Бергман туды. Ол көрерменге "Седьмая печать", "Земляничная поляна" атты фильмдерімен таныс;

1926 жылы америкалық әртіс, әнші Гарри Дин Стэнтон дүниеге келді. "Крестный отец – 2", "Зеленая миля" және "Чужой" фильмдеріне түскен;

1986 жылы ресейлік әнші, "Пелагея" тобының мүшесі Пелагея Телегина өмірге келді.

14 шілдеде Қазақстанда кімдер туды

1929 жылы техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Асқар Қонаев дүниеге келді;

1934 жылы спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Болат Тұрлыханов өмірге келді;

1952 жылы Қазақ технология және бизнес университетінің ректоры Серік Түменов туды;

1958 жылы "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ президенті Кенжебек Ибрашев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Мерген белгісінде орналасады. Өзгенің дүниесіне қызықпай, барды бағалаңыз. Бүгін отбасыңызда қаржы мәселесіне байланысты түсінбестік болуы мүмкін. Өзіңізден ақша аямаңыз. Бұл өмірге бір-ақ рет келетініңізді естен шығармағаныңыз абзал.

Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 9 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 шілде
Кілт сөздер:
тарихи оқиғалар, мереке, ай күнтізбесі, танымал тұлғалар, атаулы күндер
Загрузка...

Басты тақырып