08:22 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
18 шілде - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 шілде

© Sputnik / Владислав Воднев
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)
28 0 0

Бұл - Григориан күнтізбесінде 199-шы күн. Жыл соңына дейін 166 күн бар

18 шілдеде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

18 шілдеде қандай айтулы оқиға болды

Бүгін БҰҰ-ға мүше елдер Нельсон Мандела күнін атап өтеді. Мерекені 2009 жылдың қараша айында БҰҰ-ның бас ассамблеясы бекіткен. Халықаралық мерекелер күнтізбесіндегі бұл дата Африканың бұрынғы президенті Нельсон Ролихлахла Манделаның құрметіне пайда болды. Ол адам құқығы үшін күрескен белсенді тұлғалардың бірі. Бұл үшін өмірінің 26 жылын түрмеде өткізген. Тек 1990 жылы ғана бостандыққа шықты. Ал 1993 жылы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын алды. Бейбітшілік – соғыссыз өмір деген түсінік емес, ол түрі мен тіліне, діні мен діліне қарамастан, барша халықтың бейбіт өмір сүруі.

18 шілдеде АҚШ-та Ұлттық хот-дог күні аталып өтеді. Америкалықтар өздерінің ең сүйікті тағамдарына арнап мереке күнін бекіткен. Бұл күні тұрғындар жаппай хот-дог жейді. Хот-догты сүйіп жейтіндердің ұлттық кеңесі де бар екен. Әр қалада әзірленетін хот-догтың өз ерекшелігі бар. Бірақ мұндай мерекеден кейін бір-екі күн асқазанға ауыр болатын тағамдарды жемеген абзал.

2011 жылдың 18 шілдесі күні интернет қолданушылардың бірі "Бақытты жан" күнін атап өтуді ұсынған. Ерекше мереке идеясы көпшілік тарапынан қолдау тапты. Бақытты болу үшін адамға не қажет деген мәселе төңірегінде пікірталас қызды. Кез келген адам бақытты бола алады. Бастысы, бұл үшін өмірдің әр сәтін бағалай білу керек.

18 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1898 жылы испаниялық Атлетик Бильбао футбол клубының негізі қаланды;  

1925 жылы АҚШ-та әйелдердің көлікті ерлерден кем жүргізбейтіні жарияланды;  

1986 жылы АҚШ экрандарына Сигурни Уивер басты рөлді сомдаған "Чужие" фильмі шықты;

2000 жылы Лондонда Джон Леннонның ескерткіші ашылды.

18 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1907 жылы Шығыс Қазақстанда ерекше құрылыс - шегесіз, ағаштан жасалған мешіт салынды;

2001 жылы Орал қаласында Балалар мен жасөспірімдердің велосипед спорты мектебі ашылды; 

2014 жылы астанада елордалық Сот төрелігі сарайы жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті;

2014 жылы елордада Назарбаев университеті базасында технологиялық парк ашылды. Жалпы аумағы 2 мың шаршы метрден асады.

18 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

1811 жылы ағылшын жазушысы Уильям Теккерей дүниеге келді;

1938 жылы америкалық режиссер Пол Верховен дүниеге келді;

1950 жылы ағылшын миллиардері, бірнеше кітап авторы Ричард Брэнсон дүниеге келді;

1967 жылы америкалық актер, сценарист, режиссер, продюсер Вин Дизель дүниеге келді;

1982 жылы үнді актрисасы, модель, "Әлем аруы -2000" жеңімпазы Приянка Чопра дүниеге келді.

18 шілдеде Қазақстанда кім туды

1939 жылы жазушы, аудармашы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Төлек Тілеуханов дүниеге келді;

1966 жылы актер, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сағи Әшімов дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Алматы театр және кино институтын бітірген. Кинодағы ең алғашқы рөлі - "Өз дәніңді өсір" фильміндегі Қалам. Кейін "Мазасыз балалар", "Ойлануға бір ай", "Қаралы сұлу", "Айсұлу жайлы аңыз" сынды фильмдерде ойнады. 

Ай күнтізбесі

Ай Суқұйғыш белгісінде болады. Бұл күні әріптестеріңізбен тіл табысудың сәті түседі. Қызметте өсетініңіз анық. Отбасында да бәрі тамаша болады. Еш нәрсені уайымдаудың қажеті жоқ.

Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 16 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 15 шілде
Кілт сөздер:
күнтізбе, атаулы күндер, танымал есімдер
Загрузка...

Басты тақырып