07:16 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
19 шілде - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 19 шілде

© Sputnik / Владислав Воднев
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)
43 0 0

Бұл – Григориан күнтізбесі бойынша 200-ші күн, жыл соңына дейін 165 күн бар

19 шілдеде не болғаны білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

19 шілдеде қандай қызықты оқиға болды

Жапонияда бүгін әйел министрлердің күні аталып өтеді. 1960 жылы 19 шілдеде Накаяма Маса (Nakayama Masa, 19 қаңтар 1891 – 11 қазан 1976) Жапонияда министр қызметіне тағайындалған алғашқы әйел болды. Ол денсаулық сақтау министрлігіне басшылық етті. Сол уақыттан бері 19 шілде Жапонияда бейресми түрде әйел министрлер күні болып есептеледі.

Сондай-ақ бүгін Ресейде ішкі істер министрлігінің заңгерлері кәсіби мейрамын атап өтеді. Бұл мейрам 2003 жылы бекітілді. 1946 жылы дәл осы күні КСРО ІІМ орталық аппаратында заңгерлік бөлім пайда болған.

19 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1814 жылы ағылшын теңіз саяхатшысы М.Флайндерз өзінің кітабында жасыл құрлықты алғаш рет Австралия деп атады;

1822 жылы француз ғалымы Жозеф Ньепс әлемдегі алғашқы фотосуретті жасады;

1908 жылы Лондондағы әулие Павел шіркеуінде Олимпиадаға ақ жол тілеген епископ алғаш рет "Ең бастысы,  жеңіс емес -  қатысу" деген сөздерді айтты;

1954 жылы Элвис Преслидің алғашқы әні шықты;

2003 жылы тілді ауыстыру бойынша әлемдегі тұңғыш операция сәтті өтті.

19 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1963 жылы Қазақ КСР министрлер кеңесінің қаулысымен Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты ашылды. Қазір оқу орны Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университеті деп аталады;

2010 жылы президент "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" туралы заңға қол қойды.

19 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

1893 жылы орыс ақыны, драматург, киносценарист, кинорежиссер, актер Владимир Маяковский дүниеге келді;

1963 жылы ресейлік дизайнер, стилист, тележүргізуші Сергей Зверев дүниеге келді;

1976 жылы британиялық театр және кино актері Бенедикт Камбербэтч дүниеге келді. Ол әсіресе "Шерлок" сериалындағы Шерлок Холмс рөлі арқылы танымал болды;

1971 жылы кәсіпқой боксшы, кикбоксшы, украиналық саясаткер Виталий Кличко дүниеге келді.

19 шілдеде Қазақстанда кім туды

1936 жылы әнші, Қазақстанның халық әртісі Гүлвира Рәзиева дүниеге келді;

1960 жылы филолог, әдебиет сыншысы, режиссер, сценарист Ғалым Доскен дүниеге келді.

1964 жылы әр жылдары "ҚазАгроИнновация" АҚ президенті, премьер-министр орынбасарының кеңесшісі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары қызметтерін атқарған Төлеутай Рахымбеков дүниеге келді. Ол 2019 жылы 9 маусымда өткен президент сайлауына "Ауыл" партиясы атынан түсті.

Ай күнтізбесі

Ай Суқұйғыш белгісінде орналасады. Егер бүгін ойлағаныңыз іске аспай жатса, қамықпаңыз. Басқа күні бәрін ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік болады. Бұдан бөлек, араздасып жүрген туыстарыңызбен татуласу үшін қолайлы күн болмақ.

Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)
Кілт сөздер:
атаулы күндер, күнтізбе
Загрузка...

Басты тақырып