Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 25 шілде

© Sputnik / Владислав Воднев25 шілде - күнтізбе
25 шілде - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 206-шы күн. Жыл соңына дейін 159 күн бар

25 шілдеде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

25 шілдеде қандай айтулы оқиға болды

2014 жылдан бері Ресейде Тергеу органдары қызметкерінің күні аталып өтеді. Бұл – Ресей Федерациясы Тергеу комитеті, ішкі істер министрлігінің тергеу бөлімдері, Федералды қауіпсіздік қызметі және атқарушы биліктің тағы басқа тергеу органдарының қызметкерлері мен жұмысшыларының кәсіби мерекесі. Мейрам ретінде дәл осы күннің таңдалуына тарихи оқиға себеп болды. 1713 жылы 25 шілдеде Петр I жарлығымен Ресейдің алғашқы мамандандырылған тергеу органы – тергеу кеңсесі құрылды.

Коста-Рикада бүгін тарихи мереке – Гуанакастенің қосылуы күні тойланады. Мереке 1824 жылы Никарагуаға тиесілі Гуанакасте провинциясының ерікті түрде Коста-Рика құрамына қосылуы құрметіне қабылданды. Бұл оқиға 1825 жылы 25 шілдеде жергілікті референдумда расталды. Гуанакасте провинциясы алуан түрлі ән және биге бай фольклорымен көпшілікке танымал. Мейрамды Коста-Риканың бүкіл тұрғыны тойлайды. Әсіресе бұл күнді балалар асыға күтеді. Олар мектепке ұлттық киім киіп, гүл және шар ұстап барады.

Ямайкада бүгін Ұлттық бахаи күні аталып өтеді. Бұл мейрамды тойлауды 2003 жылы Ямайканың генерал-губернаторы, сэр Говард Кук ұсынған болатын, содан бері мереке аралдың ерекше дәстүріне айналды. Мейрам Ямайка аралындағы бахаи қауымына ғана емес, басқа да діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлерге арналған. Ямайканың астанасы Кингстонда өтетін басты мерекеге дінаралық кеңестің әртүрлі дін өкілдері келеді: мұсылмандар, христиандар, буддистер, инудистер және тағы басқалары.

25 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1814 жылы ағылшын өнертапқышы Джордж Стивенсон алғаш рет паровозды сынақтан өткізді;

1947 жылы Прагада I Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалі басталды;

1984 жылы ашық ғарышта алғаш рет ғарышкер әйел ұшты. Светлана Евгеньевна Савицкая "Салют-7" орбиталық ғарыш станциясы бортынан ашық ғарышқа шықты;

2000 жылы Париждің Шарль де Голль әуежайынан ұшқан "Конкорд" жоғары дыбысты әуе лайнері апатқа ұшырады.

25 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1957 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының физикалық-техникалық институты негізінде Ядролық физика институты құрылды. Институттың негізін қалағандар – Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті, академик Қаныш Сәтбаев пен КСРО Ғылым академиясының академигі Игорь Курчатов;

1991 жылы "Жас Айқап" Орынбор облыстық газеті шығарыла бастады.

2007 жылы "Халық батыры" республикалық сыйлығы бекітілді. Бұл сыйлық қоғамға, Қазақстан халқына қызмет еткен азаматтардың жоғары жетістігі үшін беріледі, мемлекеттік немесе саяси сыйлыққа жатпайды;

2011 жылы елордада Эстон Республикасы елшілігі ашылды;

2012 жылы мемлекет басшысының www.akorda.kz  ресми сайты ашылды;

2016 жылы Алакөл жағалауында тұрмысы төмен жандарға арналған Қазақстандағы алғашқы "Асар" пансионаты ашылды;

2016 жылы Қазақстан мен Бразилия визасыз режим туралы келісімге қол қойды.

25 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

1929 жылы кеңестік кинорежиссер, актер, жазушы, сценарист Василий Шукшин дүниеге келді;

1950 жылы өзбек театр және кино актері, режиссер Рустам Сагдуллаев дүниеге келді. "В бой идут одни "старики" фильмінде Ромеоның рөлін сомдаған. Өзбек КСР еңбек сіңірген әртісі;

1959 жылы кеңестік және ресейлік футболшы, Мәскеудің "Спартак" клубының жартылай қорғаушысы, КСРО құрамасының ойыншысы Федор Черенков дүниеге келді. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1989);

1980 жылы ресейлік театр және кино актрисасы, тележүргізуші Наталья Бочкарева дүниеге келді. 2006-2013 жылдары "Счастливы вместе" телехикаясындағы Даша Букинаның рөлін сомдап кең танымалдыққа ие болды.

25 шілдеде Қазақстанда кім туды

1925 жылы қазақ суретшісі, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Молдахмет Кенбаев дүниеге келді;

1930 жылы ғалым, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының академигі Шәмшиябану Сәтбаева дүниеге келді;

1947 жылы тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Тұяқбай Рысбеков дүниеге келді;

1951 жылы қазақстандық дипломат, ШЫҰ бірінші Бас хатшысы болған Болат Нұрғалиев дүниеге келді;

1956 жылы қазақстандық байкер Дмитрий Петрухин дүниеге келді;

1993 жылы белгілі зілтемірші Зульфия Чиншанло дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Торпақ белгісінде орналасады. Күні бойы басыңызға данышпан идеялар келіп, бүкіл шаруаңыз сәтті аяқталады. Алайда отбасында түсінбеушіліктер болуы мүмкін, жақындарыңыздың көңіліне қаяу түсірмеу үшін айтар сөзіңіз бен іс-әрекетіңізге мұқият болыңыз.

Жаңалықтар
0