Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 27 шілде

© Sputnik / Владислав Воднев27 шілде - күнтізбе
27 шілде - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 208-ші күн. Жыл соңына дейін 157 күн бар

27 шілдеде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

27 шілдеде қандай айтулы оқиға болды

Бүгін - Вьетнам тәуелсіздігі үшін құрбан болғандарды еске алу күні. Бұл күні Вьетнамдағы қызметкерлер, әскерилер, жастар әскери зираттарды жаппай абаттандыруға кіріседі. 1964-1965 жылдары АҚШ қарулы күштері Вьетнамға басып кіріп, елде соғыс басталды. Бұл әскери қақтығыс Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі екінші ірі шиеленіс болып саналады. Сұрапыл соғыс 100 мың вьетнамдықтың өмірін қиып, көптеген сарбаздар мүгедек болып қалды.

Бүгін - АҚШ-та ұлттық би күні. Мерекенің негізін So You Think You Can Dance (Бишімін деп ойлайсың ба) америкалық шоуының продюсері Найджел Литгоу қалаған.

Сондай-ақ бүгін - Гамбургердің туған күні. Бұл тағам немістікі болғанмен, гамбургер АҚШ-та фастфудтің "патшасы" болып саналады. 27 шілде күні гамбургер 119 жасқа толады. Ең қымбат гамбургер Лас-Вегас қаласында 777 доллар тұрады екен. Ол жұмсақ сиыр еті, лобстер, бри ішімгі мен пияздан әзірленеді.

27 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1586 жылы ағылшын теңіз саяхатшысы Уолтер Рэли Британияға алғаш рет темекі алып келді;

1694 жылы шотландиялық көпес Уильям Патерсон Англия банкін құрды;

1814 жылы Қазан университеті ашылды;

1910 жылы Орынборда "Багбустан ханым" атты әйелдер медресесі ашылды;

1919 жылы алғаш рет реактивті ұлыбританиялық жолаушылар ұшағы - Комет ұшырылды;

1920 жылы авиациялық навигацияда алғаш рет радиокомпас қолданылды;

1940 жылы теледидардан "Багз Банни" мультсериалы көрсетіле бастады;

1943 жылы Италияда фашистік партия тарқатылды;

1944 жылы кеңес әскері Львов қаласын фашистік Германия әскерінен азат етті;

1953 жылы корей соғысы бітімге келу келісіміне қол қою және КХДР мен Оңтүстік Корея арасында қарусыздандырылған аймақ құрумен аяқталды;

1965 жылы АҚШ президенті Бейнс Джонсон темекіні өндірушілерден қораптардың сыртына шылым шегудің денсаулыққа зияндығы туралы жазуды талап ететін заң жобасына қол қойды;

1990 жылы Молдавия парламенті Гагаузия автономиясын жойды;

2012 жылы Лондонда ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

27 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1972 жылы Қазақ КСР-нің су кодексі қабылданды;

1992 жылы Қазақстан мен Молдова арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды;

1999 жылы Қазақстанда қамқоршысыз қалған балаларға арналған тұңғыш отбасылық үлгідегі "SОS Алматы" балалар қалашығы ашылды;

2007 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамытуға бағытталған "Агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды;

2007 жылы Алматыда "Өмір" аллеясы салтанатты түрде ашылды.

2011 жылы VI-XII ғасырлардың мәдени оқиғаларынан сыр шертетін "Шыңғысхан жолымен" атты автожарыс өтті;

2014 жылы ОҚО мемлекеттік педагогикалық университетінің археологтар тобы Ордабасы ауданындағы Күлтөбе қорымынан қаңлы мемлекетінің 12 тұрғынының сүйектерін, тұрмыстық заттар мен бағалы әшекейлер тапты.

27 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

1917 жылы француз актері Бурвиль дүниеге келді;

1943 жылы кеңес және Ресей әртісі Анастасия Вознесенская дүниеге келді;

1964 жылы ресейлік музыкант, композитор, "Сектор газа" музыкалық тобының негізін қалаушы, көшбасшысы Юрий Клинских дүниеге келді;

1970 жылы дат актері Николай Костер-Вальдау дүниеге келді.

27 шілдеде Қазақстанда кім туды

1899 жылы опера әншісі, Қазақстанның және Өзбекстанның халық әртісі Анатолий Овчинников дүниеге келді;

1939 жылы суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Әмір Жұмағалиев дүниеге келді;

1946 жылы Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы, ҚР ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы, авиация генерал-майоры, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Тоқтар Әубәкіров дүниеге келді;

1948 жылы өнертану профессоры, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, композитор Төлеген Мұхамеджанов дүниеге келді;

1972 жылы қазақ ғарышкері, ғарышқа ұшқан алғашқы Қазақстан азаматы, Қазақстанның Халық Батыры, генерал-майор Айдын Айымбетов дүниеге келді;

Ай күнтізбесі

Ай Егіздер белгісінде орналасады. Бұл күні адамдар ашулы болуы мүмкін, сондықтан ұрыс-керістен аулақ болыңыз, ашуға ерік бермеңіз. "Ашу – дұшпан, ақыл – дос" деген мақалды жадыңыздан шығармаңыз. Сондай-ақ үйді тазалауды да ұмытпаңыз.

Жаңалықтар
0