09:06 20 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
30 шілде - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 30 шілде

© Sputnik / Владислав Воднев
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)
72 0 0

Бұл – Григориан күнтізбесінде 211-шы күн. Жыл соңына дейін 154 күн бар

30 шілдеде не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

30 шілдеде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – Халықаралық достық күні. Бұл – күнтізбедегі ең жас мерекелердің бірі. Оны атап өту туралы шешімді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2011 жылдың 27 сәуірінде өткен 65-інші сессиясында қабылдады. Оған мәдениет және бейбітшілік саласындағы іс-қимыл декларациясы мен бағдарламасы, сондай-ақ 2001-2010 жылдарды қамтыған бүкіл ғаламшардың мүддесі үшін бейбітшілік мәдениеті мен зорлық-зомбылықсыз халықаралық онжылдық себеп болды.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік адам саудасымен күрес күні аталып өтеді. Оны да БҰҰ Бас Ассамблеясы осыдан алты жыл бұрын бекіткен болатын.

Ал Марокко корольдігінде ұлттық мейрам – Тақ күні. Оны 19 жыл бұрын VI Мұхаммед таққа отырған күннен бастап тойлап келеді.

Вануату Республикасы да ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнін атап өтіп отыр. Вануату – Тынық мұхитының оңтүстік-батыс бөлігіндегі аралдарда орналасқан мемлекет. Әкімшілік жағынан 11 округке бөлінеді. Астанасы – Порт-Вила қаласы. Ресми тілі – бислама (пинджин), ағылшын және француз тілдері. Ақша бірлігі – вату.

30 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1937 жылы КСРО Ішкі істер халық комиссариатының төтенше "үштігі" "халық жауларын" өлім жазасына кесуге құқық алды.

1956 жылы – АҚШ долларында "In God We Trust" ("Біз құдайға сенеміз") сөзі жазылды;

1971 жылы  – "Аполлона-15" астронафтары – Дэвид Скотт пен Джеймс Ирвин Айға қонды;

1932 жылы АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласында Х Олимпиада ойындары ашылды;

2017 жылы Түркияның Самсун қаласында XIII Сурдлимпиада ойындары өтті.

30 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1937 жылы Шығыс Қазақстанда "Рубцовск-Риддер" теміржол учаскесі ашылды;

1954 жылы Қытайда Іле қазақ автономиялық ауданының негізі қаланды;

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Кабо-Верде Республикасының арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды;

1993 жылы Қазақстан Республикасы мен Шығыс Уругвай Республикасының арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды;

2015 жылы Панфилов өңірінде өндірістік-коммерциялық операцияларға арналған "KTZE-Khorgos Gateway" құрғақ порты ашылды.

30 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

1947 жылы танымал кино актер Арнольд Шварцнеггер дүниеге келді;

1948 жылы киноактер Жан Рено дүниеге келді;

1970 жылы белгілі режиссер Кристофер Нолан дүниеге келді;

30 шілдеде Қазақстанда кім туды

1835 жылы халық ақыны, әнші әрі композитор Жаяу Мұса Байжанұлы дүниеге келді;

1929 жылы тарих ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты Ләйлә Әуезова дүниеге келді;

1951 жылы әнші, КСРО мен Қазақстанның халық әртісі Әлібек Дінішев дүниеге келді.

1991 жылы конькимен жүгіру спортының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, шорт-тректен спорт шебері Екатерина Айдова дүниеге келді;

Ай күнтізбесі

Ай бұл күні Шаян зодиак белгісінде болады. Сот процестері сәтті аяқталуы тиіс. Осы күні несие алу мен қарыз беру жағынан абай болған жөн. Себебі ол ақшаны ұзақ уақыт күтуге тура келеді. Адамның эмоционалды көңіл-күйі көтеріледі. Сондықтан туған-туыстармен барынша абайлап сөйлескен дұрыс.

Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)

Тақырып бойынша

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 25 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 26 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 27 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 28 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 29 шілде
Кілт сөздер:
күнтізбе, атаулы күндер, қызықты деректер, тарихи оқиғалар
Загрузка...

Басты тақырып