Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 31 шілде

© Sputnik / Владислав Воднев31 шілде - күнтізбе
31 шілде - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 212-ші күн. Жыл соңына дейін 153 күн бар

31 шілдеде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

31 шілдеде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін  АҚШ-та Гавай туы күнін аталып өтеді. Бұл байрақты монарх ойлап тапқан. Ал 1816 жылы патша Ұлы Камеамеа гавай ұлттық туының жаңа дизайнын ұсынды. Ақ, қызыл және көк түсті сегіз жолақ штаттағы сегіз негізгі аралды білдіреді. 1990 жылы губернатор Джон Вайхее III 31 шілде күнін Гавай туының күні деп бекітті. Ұлы Камеамеа таққа отырғанға дейін сегіз аралдың әрқайсысының жеке басшысы болған. Кейін аралдар біріктіріліп, тәуелсіз мемлекет құрылды.

Бұл күні африкалық әйел күні тойланады. Бұл мереке 1962 жылы Дар-эс-Саламда өткен Бүкілафрикалық әйелдер конференцияда бекітілді.  

31 шілдеде Малайзияда әскер күні. Мереке Малайзияда бірінші және екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан барша сарбаздың құрметіне арналған. 

Сондай-ақ, бүгін Гарри Поттердің туған күні. Жыл сайын шілденің соңғы күні бүкіл әлем бойынша миллиондаған жанкүйер Гарри Поттердің туған күнін атап өтеді. Егер Джоан Роулинг ойлап тапқан ғажайып әлемнің ресми хронологиясына сенсек, Гарри Поттер 1980 жылы 31 шілдеде туған. Гарри Поттер туралы кітап сериясы - қазіргі заманның ең танымал бестселлерлерінің бірі. Жас сиқыршының оқиғалары дүние жүзі бойынша  балаларды да, ересектерді де баурап алды.

31 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1924 жылы Польша үкіметі Шығыс Галицияның мемлекеттік мекемелерінде украин тілін қолдануға тыйым салды;

1965 жылы Ұлыбританияда телеарналарда темекі жарнамасына тыйым салынды;

1996 жылы Нью-Йорктің федералды соты интернетте сөз бостандығын шектейтін заң актісінің күшін жойды;

2008 жылы АҚШ-та НАСА Қызылжұлдызда су көзі ашылғанын хабарлады.

31 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1929 жылы белгілі ғалым-астроном Николай Степанович Черных сансыз жұлдыздардың арасынан белгісіз №2402 ғаламшарды ашып, оны ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың есімімен атады. Шағын ғаламшар Жерге әрбір 5 жылда жақындайды;

2007 жылы Талдықорған қаласында "Гранита плюс" ЖШС-ның керамикалық-граниттік тақта өндіретін зауыт іске қосылды. Құны 6 миллион еуро болатын италиялық "Сакми" фирмасы жабдықтаған кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 2 миллион шаршы метр керамика-граниттік тақта;

2015 жылы үш қазақстандық мектеп оқушысы мобильдік қосымша жасап шығарды. Олардың қосымшасы Sage Kazakhstan-2015 мектеп оқушылары арасындағы кәсіпкерлік бойынша ұлттық чемпионаттың жеңімпазы атанды.

31 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

1937 жылы кеңестік және ресейлік әнші, актриса Эдита Пьеха дүниеге келді;

1945 жылы кеңестік және ресейлік тележүргізуші, жазушы, продюсер, РФ Халық әртісі Леонид Якубович дүниеге келді;

1965 жылы Гарри Поттер туралы кітаптардың авторы, ағылшын жазушысы Джоан Кэтлин Роулинг дүниеге келді;

1969 жылы италиялық футболшы әрі бапкер Антонио Конте дүниеге келді.

31 шілдеде Қазақстанда кім туды

1906 жылы жазушы, Абай атындағы қазақ КСР мемлекеттік премиясының лауреаты Иван Шухов дүниеге келді. Ол Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Әлжаппар Әбішев сынды қазақ жазушыларының туындыларын орыс тіліне аударды. Иван Шуховтың еңбектері де бірнеше тілге аударылған;

1967 жылы Қазақстан президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Шаян белгісінде болады. Өз-өзіңізді қолға алатын кез жетті. Біраз еңбектенуге тура келеді. Нәтиженің қуантарлық болатыны сөзсіз. Табандылық танытсаңыз, керемет сыйға ие боласыз.

Жаңалықтар
0