03:00 26 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.13
  • EUR451.40
  • RUB5.80
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
2214720

Төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған қазақстандықтарға мемлекет тарапынан 42 500 теңге әлеуметтік төлем беріледі

Төлемақыны электронды цифрлық қолтаңбасыз (ЭЦҚ) алуға болады. Ол үшін:

  • Электронды үкімет порталының (eGov.kz) алғашқы бетіндегі "Сервистер" бөлімінен "Төтенше жағдай кезінде 42 500теңге төлеу" қызметін таңдау;
  • Жүйеге кіру үшін ұсынылған нұсқалардың ішінен ЖСН мен телефон нөмірін енгізе отырып, "Бір реттік құпия сөзді" таңдау;
  • SMS арқылы келген сандар комбинациясын енгізу;
  • "Әрі қарай" батырмасын басу;
  • Ұсынылған нысанды толтыру керек.

Жоғарыда айтылған нұсқаулықтарды орындағаннан кейін, өтінімнің өңделіп жатқаны туралы ақпарат көрсетіледі. 

Нәтижені порталдағы жеке кабинетіңізден көре аласыз. 

Егер жүйе сіздің мобильді азаматтар базасында тіркелмегеніңізді хабарласа, сол бетте көрсетілген сілтеме арқылы тіркелу керек.

Мобильді азаматтар базасында тіркелу не үшін қажет?

Сізге тиесілі әлеуметтік төлемге өзге бiреу ие болмауы үшін жүйеге телефон нөміріңізді көрсету арқылы өзіңіз екеніңізді растайсыз.

Мобильді азаматтар базасында тіркелу үшін сізді бейнеқоңырау арқылы халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) операторымен байланыстырады. Ол сіздің нөміріңізді базаға енгізеді.

Осыдан кейін сіз бір реттік құпия сөз арқылы өзіңіз екеніңізді растап, қызметті алу үшін жоғарыда сипатталған қадамдарды орындай аласыз.

Тақырып бойынша

Жақсылық Досқалиев коронавирустан қалай қорғануға болатынын айтты
Бетперде коронавирустан қорғай ма - маман жауабы
Шымкенттік науқастың отбасындағы 8 адам коронавирус жұқтырды
Кімдерге бір жылға 8%-пен кредит беріледі 
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 444-ке жетті
Загрузка...

Басты тақырып