18:15 13 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.90
  • EUR492.88
  • RUB5.73
Тақырып бойынша жаңалықтар Маржан Арапбаева

Маржан Өмірзаққызы Арапбаева 1978 жылы 7 ақпанда Шымкентте туған. танымал эстрада әншісі, композитор. Халықаралық ән фистивальдерінің жүлдегері. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері.

2002 жылы Республикалық "Жас қанат" конкурсының дипломанты атанып, сол жалдардан бастап елге таныла бастады. 2004 жылы "Жаңа толқын" (новая волна) халықаралық конкурсының 2 орын иегері атанды. 2004 жылы халықаралық "Азия дауысы" ән байқауында Ресейдің халық әртісі Николай Басковпен дуэт орындады.

Маржан Арапбаеваның орындауында "Сәлем саған туған ел", "Соңғы вальс", "Қазақстаным", "Гүл сезім", "Арманыма асығып барамын", "Сол ма?", "Иә, солай", "Сен мықтысын", "Jeteme", "Өкінішті сезім", "Қазақ елі", "Жасасын өмір", "Қыздар мен жігіттер", "Сен едің", "Мазалама", "Сүйемін сені" және т.б көптеген жігерлі әндері халыққа кеңінен танылған. Маржан Арапбаеваға 2017 жылдың 5 желтоқсанындағы ҚР тұңғыш президентінің жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді.

1 Нәтижелер
  • Жаңа
  • Таңдаулы