10:33 19 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.14
  • EUR428.18
  • RUB6.06
Тақырып бойынша жаңалықтар Роза Бағланова

Күміскөмей әнші, Қазақстан және КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы, Тарлан сыйлығының иегері Роза Бағланова 1922 жылдың 1 қаңтарында Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген. Кіші жүздің Жағалбайлы руынан.

Роза Бағланова өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен екінші дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945 жылы тоғызыншы мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады. 1947–1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының, 1949–1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты, ерекше сазды әншілік мектептің қалыптасуына ықпал жасады.

Роза Бағланова қазақтың халық әндерін, замандас композиторлар әндерін, шет ел халықтарының (венгр, өзбек, қырғыз, тәжік, украин, грузин, әзірбайжан, корей, қытай, моңғол, орыс, үнді, чех, швед, т.б.) әндерін нақышына келтіре орындады. 1946 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық эстрада әншілері 2-конкурсының дипломаты, 1949 жылы Бухаресте өткен бүкіл дүниежүзілік Жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, "Халықтар достығы" ордендерімен, Шапағат медалімен марапатталған.

2 Нәтижелер
  • Жаңа
  • Таңдаулы