10:38 19 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.14
  • EUR428.18
  • RUB6.06
Тақырып бойынша жаңалықтар адыраспан

Адыраспан – түйе табандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Сабы мен гүлінде у болады. Ол сасық иісті, дәрілік шөп болып саналады. Биіктігі – 30-80 см. Тау беткейлерінде, жолбойында, жазық далаларда өседі.

Адыраспанның Қазақстанда үш түрі бар. Бір түрі шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендерінің бойындағы тақырланған жайылымдарда өседі. Оның сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 метр тереңдікке жетеді. Гүлі – ақ, сары түсті. Мамыр, шілде айларында гүлдейді.

Халық емшілері адыраспанды ревматизм, қышыма және басқа да тері ауруларын емдеуге пайдаланады. Оның шөбінен қайнатып жасалған тұнба суық тигенде, безгек ауруларына, нерв жүйесінің әлсіреуіне және ұстама ауруларына ем болып саналады. Адамдар оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді әрі жұқпалы сырқаты бар адам жатқан бөлмені залалсыздандырады.

Адамдар ежелден адыраспанның ұрығын зығыр тұқымымен қосып демікпені емдеген. Сондай-ақ қара немесе қызыл бұрышқа араластырып теңге қотырға (псориаз) жағады және несеп жүргізетін, тер шығаратын дәрі ретінде қолданады.

1 Нәтижелер
  • Жаңа
  • Таңдаулы