17:58 04 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Тақырып бойынша жаңалықтар мандарин

Мандарин - жемістің түрі. Мандарин — руталар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл аласа ағаш. Шыққан жері Үндіқытай, Қытай, Жапония. 1805 жылдан Еуропа елдеріне жерсіндіріле бастады. Қытай, Испания, Мексика, Жапония, т.б. елдердің субтропиктік және тропиктік аудандарында өсіріледі. Биіктігі 2 — 3 м, діңгегінің бұтақтары тармақталып өседі.

Сабақтары жасыл. Жапырағы жұмыртқа пішінді сопақшалау келеді. Басқа цитрустарға қарағанда жапырағының сабағы жіңішкелеу және ол ең тез пісетін әрі көп жеміс беретін ағаш. Мамыр — шілде айларында гүлдейді. Гүлі ақ түсті, майда. Қараша — желтоқсанда жеміс береді. Жемісінің салмағы 60 — 80 г, түрі қою сарғыш, дөңгелектеу. Жемісінің шырынында 7,4% қант, 0,8 — 0,9% қышқыл, С және Р витаминдері, ал қабығының құрамында біріктіргіш заттар, көп мөлшерде эфир майы, т.б. бар.

Денсаулыққа зияны тимеуі үшін күніне 4 мандарин жеу қажет. Ол иммунитетті көтеріп, ағзадағы токсиндерді шығаруға әрі көңіл-күйді көтеруге септігін тигізеді.

3 Нәтижелер
  • Жаңа
  • Таңдаулы