Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда Түркістанда туған. А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін тәмамдаған. Мамандығы – заңгер. Әр жылдары мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқарма басшысының орынбасары, әділет министрлігі заң актілерін жасақтау және талдау басқармасының басшысы, "АлашМедиаГрупп" компаниясы бас директорының орынбасары, Қазақстан президенті әкімшілігі аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Орал қаласының әкімі қызметтерін атқарды. 

2016 жылдың 26 наурызында Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. 2019 жылдың 13 маусымынан Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметіне кірісті. 

Материал
Керек уақытты таңдау
Тағы 20 материал
  • Бір апта ішіндегі
  • Бір ай ішіндегі
  • Бір жыл ішіндегі
  • Осы уақытқа дейінгі
Жаңалықтар
0