08:36 21 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD375.91
  • EUR416.85
  • RUB6.10
Тақырып бойынша жаңалықтар Иманғали Тасмағамбетов
Имангали Тасмагамбетов

Иманғали Тасмағамбетов - Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткері, 2017 жылдың ақпанынан Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі. Қарапайым ауыл мұғалімінен премьер-министрге дейін көтерілді. Иманғали Тасмағамбетов - сөзге шешен санаулы шенеуніктердің бірі. Айталық, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған салтанатты шарада "Елбасы елорданы Алатаудан Арқаға көшірмегенде, қазақ ендігі "Еділді" емес, "Есілді" жоқтап қалар ма еді" деп көкейге қонымды сөзді тауып айтқан еді. Сондай-ақ Тасмағамбетовті жұрт қазақ тілінің жанашыры ретінде де жақсы біледі. ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тұрғанда алқалы жиындардың бірінде: "Біз осы күнге дейін, қазақ тілі өзге емес, өзімізге керек екенін түсінбей келеміз. Жалпы қазақ тілі деген халықтың жаны. Бұдан артық айта алмайсың", - деп айтқан сөзі әлі күнге ел аузында жүр.

Нәтижелер
  • Жаңа
  • Таңдаулы