Sputnik Қазақстан күн сайын мерекелер, атаулы даталар, тарихи оқиғалар туралы деректер жариялайды. Бұл күні кімнің туғанын да осы жерден оқи аласыз. "Бүгін қандай мереке" сюжетінде бүкіләлемдік, халықаралық және мемлекеттік мейрамдар, түрлі елдің салт-дәстүрлері туралы ақпарат жинақталған.
Астанадағы жер үйлердің бірінде шыққан өрттен бір отбасының бес баласы қаза тапты. Қайғылы оқиға 4 ақпанға қараған түні болды. Тілсіз жау туралы хабар өрт сөндіру қызметіне сағат 02.24 түскен, өрт сөндірушілер жалынды 50 минуттан кейін сөндірді. Жанып кеткен үйден 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған балалардың денесі табылған. Көз жұмған балалардың барлығы – қыздар, ең кішісінің туғанына үш ай ғана болған. Осы оқиғаға байланысты Астана әкімі шұғыл кеңес өткізіп, құзырлы органдарға оқиғаның мән-жайын анықтауды және отбасына көмек көрсетуді тапсырды. Кейін ішкі істер министрінің орынбасары өрттің алдын ала себебін атады. Айтуынша, пешті жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалдарынан оқыңыз.
Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада-2014 қола жүлдегері Денис Тен Алматыда 19 шілдеде қаза тапты. Дарынды спортшы көлігінің айнасын тонамақ болғандардың қолынан пышақ жарақатын алып, салдарынан көп қан жоғалтып, ауруханада жан тапсырды. Қыршынынан қиылған спорт жұлдызының қазасы бүкіл Қазақстан халқын есеңгіретті. Денис Тен бар болғаны 25 жаста еді. Толығырақ Sputnik материалдарынан оқыңыз.
Желтоқсан айының соңы дәстүр бойынша жылды қорытындылайтын кез. Ит жылы қазақстандықтарды бірде қуантқан, бірде таңғалдырған және кейде қынжылтқан сан алуан оқиғаларға толы болды. Бірақ санаулы күндерден кейін 2018 жыл тарих қойнауына еніп, доңыз жылы табалдырықтан аттайды. 2019 жыл қандай болады? Жаңа жылды қалай қарсы алған дұрыс? Қандай сыйлық жасауға болады? 2019 жылы қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр? Бұл жөнінде толығырақ Sputnik Қазақстан материалдарынан оқи аласыз.
Қазақстанда жәрдемақы қалай есептеледі? Кімдерге, қалай және қанша төленеді? Биыл жәрдемақы түрлерінің мөлшері қаншаға өскенін және кімдерге берілетінін Sputnik материалдарынан оқыңыз.
Sputnik Қазақстан саясаткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, спортшылар мен әншілердің өмірбаянын ұсынады.
Шетелдегі қазақтардың өмірі, тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі жөнінде, сондай-ақ Қытайдағы қазақтардың жағдайы туралы Sputnik Қазақстан материалдарынан оқи аласыз.
Еліміздің жас әншісі Димаш Құдайберген аз уақыттың ішінде бүкіл әлемге танылды десек артық айтпаспыз. Әншінің жұлдызды жолы "Славян базары" фестивалінде басталып, Қытайдағы халықаралық "I am singer" байқауынан кейін асқақтай түсті. Азиядағы марапаттардың көпшілігін жеңіп алған Димаштың әлем бойынша фанаттары көбейіп, өнерсүйер қауымның сүйіспеншілігі мен ықыласына бөленіп отыр. Олардың ішінде әлемге әйгілі тұлғалар жетерлік. Қазақстанды әлемге әйгілеуге үлес қосып жүрген Димаш Құдайберген туралы Sputnik Қазақстан материалдарынан толығырақ оқыңыз.
Белгілі қазақстандық жазушы Олжас Сүлейменовтің немересі 22 маусымда жол апатынан қаза тапты. Мотоциклмен келе жатқан Ескендір Сүлейменовті көлік қағып кетеді. Көліктің рөлінде Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигінің қызы отырған. Ескендір Сүлейменов Алматыда 25 маусымда жерленді. Полиция қылмыстық кодекстің 345-бабы (жүргізушінің жол қозғалысы ережесін бұзуы) бойынша іс қозғады.
Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумы Петропавлда 8-9 қарашада өтеді. Биылғы форумның тақырыбы - "Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен үрдістері". Форумда дәстүр бойынша екі елдің мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин, сондай-ақ екі елдің шекаралас өңірлерінің жетекшілері қатысады. Жиынға 600-ден астам адам жиналады деп күтілуде, оның 100-і – Ресей Федерациясының, 150-і – Қазақстанның ресми делегациясы. Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы 2003 жылдан бері екі мемлекетте кезекпен өткізіліп келеді.
Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жек 7 қазанда Лас-Вегаста өтіп, үлкен шу тудырды. Бұл жекпе-жектің қызыққа толы болатыны алдын ала белгілі болған еді. Өйткені спортшылар әр кездескен сайын бір-біріне тиісіп жүрді, олардан фанаттары да қалыс қалмады. Жанкүйерлері кездесу алдында төбелес шығарса, спортшылардың өздері жекпе-жектен кейін де жұдырық жұмсады. UFC чемпионы титулы үшін жекпе-жекте Макгрегор жеңілді, бірақ қарсыласының фанатына тап беріп, жаппай төбелеске себеп болған Нурмагомедов шаршы алаңнан белбеусіз кетті.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 5 қазанда Ақордада Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жариялады. Жолдаудың тақырыбы - "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру". Ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Мемлекет басшысының бұған дейінгі жолдауы 2018 жылы 10 қаңтарда шыққан еді. Онда Назарбаев төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері туралы сөз қозғады.
Астана - әлемдегі ең жас астана әрі Қазақстанның қарыштап дамып келе жатқан қаласы. Заманауи сол жағалау мен жанға жайлы оң жағалау - Астананы дәл осылай сипаттауға болады. Жас қала болғанына қарамастан, Астанада әлемдік маңызға ие айтулы шаралар өткізілді. Елорда айрықша нысандарымен таңғалдырады: Бәйтерек, Хан Шатыр, Ақорда, Бейбітшілік және келісім сарайы, тағы басқалары. Астана күні 6 шілдеде тойланады.
Астанадағы мәдени шаралар, төтенше оқиғалар мен жол апаты, атышулы істер, құрылыс мәселесі мен маңызды өзгерістер туралы Sputnik материалдарынан оқыңыз.
Отбасымен қауышу үшін Қазақстанның шекарасын заңсыз кесіп өткен қандасымыз Сайрагүл Сауытбай биыл мамыр айында ұсталды. Белгілі болғандай, ерлі-зайыпты Уәли Ісләм мен Сайрагүл Сауытбай екі баласымен бірге Қазақстанға 2016 жылы көшіп келмек болады. Бірақ Сайрагүлдің айтуынша, ол Қытайда құпия саналатын "саяси үйрену орталықтарында" жұмыс істеп, "мемлекет құпиясын әшкерелемеу" туралы қолхат берген. Сондықтан Қытай оны отанына жібермеу үшін төлқұжатын алып қояды. Ал күйеуі мен балалары Қазақстан азаматтығын алып, елге оралады.
Этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайға қатысты сот Алматы облысындағы Жаркент қаласында өтті. Бір айға жуық созылған соттың үкімі 1 тамызда шықты. Панфилов аудандық соты қандасымызды алты айға шартты түрде бас бостандығынан айырып, сот залынан босатты. Сондай-ақ, Сайрагүл Сауытбай Қытайға берілмейді. Ендігі уақытта оған босқын мәртебесін беріп, кейін азаматтық алу жағы шешілуі тиіс. Толығырақ Sputnik материалдарынан оқыңыз.
2018 жылдың шілдесінен бастап базалық зейнетақы тағайындау тәртібі өзгереді. Зейнет жасына толған азаматтың базалық зейнетақы мөлшері еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді болады. Осы уақытқа дейін барлық зейнеткерге базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 проценті мөлшерінде немесе 15 274 теңге төленсе, 1 шілдеден бастап оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты артты.
Толығырақ Sputnik материалдарынан оқыңыз.
Мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының оныншы күнінде, яғни, Арафа күнінен кейін және Ораза айттан 70 күннен кейін басталатын Құрбан айт мейрамы үш күн тойланады. Араб тілінен аударғанда, құрбан сөзі "жақындау" деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, Құрбан айт күндері мүмкіндігі бар мұсылман құрбан шалып, сауап істер арқылы Аллаға жақындайды. Биыл мұсылман жамағаты ұлық мейрамды 21-23 тамыз күндері атап өтеді. 2005 жылдан бері елімізде Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып бекітілген. Толығырақ Sputnik материалдарынан оқыңыз.
Футболдан әлем чемпионаты Ресейде 14 маусым мен 15 шілде аралығында 11 қаланың 12 стадионында өтеді: Мәскеу, Калининград, Санкт-Петербург, Волгоград, Қазан, Нижний Новгород, Самара, Саранск, Ростов-на-Дону, Сочи және Екатеринбург.
2018 жылы ҰБТ 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. Биыл 102 447 оқушы сынақ тапсыруға өтініш берді. ҰБТ бес пәннен тұрады. Үшеуі – міндетті, екеуі таңдау пәні. Барлығы 120 сұрақ, түлектер үшін 140 балл жинау мүмкіндігі сақталады. Толығырақ Sputnik материалдарынан оқыңыз.
Қазақстанда менингит індеті белең алды: науқастар саны әсіресе Алматы қаласында көп. Соңғы деректер бойынша, инфекциядан он үш адам қайтыс болған.