02:57 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
ТАҚЫРЫП
  • Абай ұлдары Ақылбай және Тұрағұлмен
    Последнее обновление: 18:16 07.10.2019
    18:16 07.10.2019

    Абайдың 175 жылдығы

    Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы 2020 жылы өтеді. 2019 жылдың мамырында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Бұдан бөлек, мерейтойдың жалпыреспубликалық жоспары бекітілді. Абайдың 175 жылдығын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ (Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы) аясында тойлау мәселесі пысықталып жатыр. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалдарынан оқи аласыздар.

  • Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жариялады
    Последнее обновление: 17:49 03.09.2019
    17:49 03.09.2019

    Президент жолдауы - 2019

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына алғашқы жолдауын жариялады. Бұл жолғы жолдау "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" деп аталды. Президенттің қандай мақсат-міндеттер қойғанын және оның қалай орындалатынын Sputnik Қазақстан материалдарынан оқи аласыздар.

  • Алмазбек Атамбаев
    Последнее обновление: 19:05 08.08.2019
    19:05 08.08.2019

    Атамбаевты ұстау операциясы

    7 тамыз күні кешке Атамбаевтың Кой-Таш ауылындағы резиденциясына экс-президентті ұстау үшін арнайы жасақ келді. Оларға Атамбаевтың жақтастары қарсылық көрсетіп, бірнеше сарбазды кепілге алған. Қақтығыс салдарынан 50-ден астам адам зардап шекті, олардың кемінде он бесі күш құрылымдарының қызметкері. Оқ тиген бір сарбаз ауруханада көз жұмды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Алмазбек Атамбаев ұсталған жоқ. 

  • Арыстағы жарылыс
    Последнее обновление: 12:26 24.06.2019
    12:26 24.06.2019

    Арыстағы жарылыс

    24 маусым таңертең Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болып, артынша алапат өртке ұласты. Жарылыстың салдарын жою жұмыстарын облыстық төтенше жағдайлар департаменті, Түркістан облысы мен Шымкент әкімдіктері жүргізіп жатыр. Арыс тұрғындары шұғыл түрде Шымкент қаласына көшіріле бастады. Қорғаныс министрлігі оқиға орнына арнайы комиссия жіберді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдай орнына барды. Қазіргі уақытта жарылыстың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалдарынан оқи аласыз. 

  • Ұлттық бірыңғай тестілеу
    Последнее обновление: 11:47 29.05.2019
    11:47 29.05.2019

    ҰБТ - 2019

    2019 жылы елімізде 20 маусым мен 5 шілде аралығында ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді. Биыл тест тапсырмалары 30 процентке жаңартылды. Талапкер бұрынғыдай үш негізгі пән – Қазақстан тарихы, математика және оқу сауаттылығын тапсырады. Бұдан бөлек, екі салалық пән бар. Оны талапкер өзі таңдайды. Бес пән бойынша 120 тапсырма бар. Алайда 140 ұпай жинауға болады. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалдарынан оқыңыз.

  • мешіт
    Последнее обновление: 16:18 11.04.2019
    16:18 11.04.2019

    Рамазан айы - 2019

    2019 жылы мұсылман қауым асыға күтетін Рамазан айы 6 мамыр күні, дүйсенбі күні басталады. Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түн — Қасиетті жұмаға түсіп отыр. 5 маусым күні Ораза айт мейрамы басталады. Құрбан айт 11-13 тамыз күндеріне түсіп тұр.

  • сайлау учаскесі
    Последнее обновление: 13:12 11.04.2019
    13:12 11.04.2019

    Президент сайлауы - 2019

    2019 жылдың 19 наурызында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып, отставкға кететінін мәлім етті. Конституция бойынша мемлекет басшысының міндеті сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтті. 2019 жылдың 9 сәуірінде Тоқаев халыққа үндеу жариялап, кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымына белгіленгенін мәлімдеді.

     



  • Последнее обновление: 23:41 19.03.2019
    23:41 19.03.2019

    Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасы

    Қазақстанның тұңғыш президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы 19 наурызда халыққа үндеу жолдап, мерзімінен бұрын президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді.

    1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР-ның Жоғарғы кеңесі президент лауазымын бекітті. Ел басшылығына Жоғарғы Кеңес Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады.

    Бұл уақытта Назарбаев Қазақ КСР Коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметінде 1989 жылдың 22 маусымынан мемлекетті басқарып отырған еді.

    1991 жылдың 1 желтоқсанында елде тұңғыш рет жалпыхалықтық президент сайлауы өтті. Мемлекет басшысы лауазымына жалғыз үміткер Нұрсұлтан Назарбаев 98,78% дауыс жинады.

  • Қалибек Қуанышбаев театрындағы қойылым кезінде түсірілген сурет
    Последнее обновление: 13:45 14.03.2019
    13:45 14.03.2019

    Қазақстан театрлары

    Қазақстанда қанша театр бар? Олардың құрылу тарихы қандай? Актерлер құрамы мен репертуары, жүлделері мен марапаттары туралы не білеміз? Sputnik Қазақстан материалдарынан толығырақ оқи аласыз. 

  • Праздник юрты в Алматы
    Последнее обновление: 00:04 09.02.2019
    00:04 09.02.2019

    Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе

    күн сайын мерекелер, атаулы даталар, тарихи оқиғалар туралы деректер жариялайды. Бұл күні кімнің туғанын да осы жерден оқи аласыз. "Бүгін қандай мереке" сюжетінде бүкіләлемдік, халықаралық және мемлекеттік мейрамдар, түрлі елдің салт-дәстүрлері туралы ақпарат жинақталған.

  • На месте пожара, в котором погибли пятеро детей
    Последнее обновление: 17:30 04.02.2019
    17:30 04.02.2019

    Бес баланың қазасы

    Астанадағы жер үйлердің бірінде шыққан өрттен бір отбасының бес баласы қаза тапты. Қайғылы оқиға 4 ақпанға қараған түні болды. Тілсіз жау туралы хабар өрт сөндіру қызметіне сағат 02.24 түскен, өрт сөндірушілер жалынды 50 минуттан кейін сөндірді. Жанып кеткен үйден 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған балалардың денесі табылған. Көз жұмған балалардың барлығы – қыздар, ең кішісінің туғанына үш ай ғана болған. Осы оқиғаға байланысты Астана әкімі шұғыл кеңес өткізіп, құзырлы органдарға оқиғаның мән-жайын анықтауды және отбасына көмек көрсетуді тапсырды. Кейін ішкі істер министрінің орынбасары өрттің алдын ала себебін атады. Айтуынша, пешті жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалдарынан оқыңыз. 

  • Денис Тен, архивное фото
    Последнее обновление: 17:06 17.01.2019
    17:06 17.01.2019

    Денис Теннің қазасы

    Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада-2014 қола жүлдегері Денис Тен Алматыда 19 шілдеде қаза тапты. Дарынды спортшы көлігінің айнасын тонамақ болғандардың қолынан пышақ жарақатын алып, салдарынан көп қан жоғалтып, ауруханада жан тапсырды. Қыршынынан қиылған спорт жұлдызының қазасы бүкіл Қазақстан халқын есеңгіретті. Денис Тен бар болғаны 25 жаста еді. Толығырақ Sputnik материалдарынан оқыңыз.

  • Новогоднее оформление
    Последнее обновление: 10:18 27.12.2018
    10:18 27.12.2018

    Жаңа жыл 2019: Доңыз жылында бізді не күтіп тұр?

    Желтоқсан айының соңы дәстүр бойынша жылды қорытындылайтын кез. Ит жылы қазақстандықтарды бірде қуантқан, бірде таңғалдырған және кейде қынжылтқан сан алуан оқиғаларға толы болды. Бірақ санаулы күндерден кейін 2018 жыл тарих қойнауына еніп, доңыз жылы табалдырықтан аттайды. 2019 жыл қандай болады? Жаңа жылды қалай қарсы алған дұрыс? Қандай сыйлық жасауға болады? 2019 жылы қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр? Бұл жөнінде толығырақ материалдарынан оқи аласыз. 

  • Калькулятор, архивное фото
    Последнее обновление: 11:50 26.12.2018
    11:50 26.12.2018

    Жәрдемақы қалай төленеді

    Қазақстанда жәрдемақы қалай есептеледі? Кімдерге, қалай және қанша төленеді? Биыл жәрдемақы түрлерінің мөлшері қаншаға өскенін және кімдерге берілетінін Sputnik материалдарынан оқыңыз.

  • Портфель
    Последнее обновление: 23:30 10.12.2018
    23:30 10.12.2018

    Өмірбаяндар

     саясаткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, спортшылар мен әншілердің өмірбаянын ұсынады. 

  • Түркиядағы қазақтар
    Последнее обновление: 14:40 05.12.2018
    14:40 05.12.2018

    Шетел қазақтары

    Шетелдегі қазақтардың өмірі, тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі жөнінде, сондай-ақ Қытайдағы қазақтардың жағдайы туралы материалдарынан оқи аласыз. 

  • Димаш Кудайбергенов
    Последнее обновление: 09:31 20.11.2018
    09:31 20.11.2018

    Димаштың жұлдызды жолы

    Еліміздің жас әншісі Димаш Құдайберген аз уақыттың ішінде бүкіл әлемге танылды десек артық айтпаспыз. Әншінің жұлдызды жолы "Славян базары" фестивалінде басталып, Қытайдағы халықаралық "I am singer" байқауынан кейін асқақтай түсті. Азиядағы марапаттардың көпшілігін жеңіп алған Димаштың әлем бойынша фанаттары көбейіп, өнерсүйер қауымның сүйіспеншілігі мен ықыласына бөленіп отыр. Олардың ішінде әлемге әйгілі тұлғалар жетерлік. Қазақстанды әлемге әйгілеуге үлес қосып жүрген Димаш Құдайберген туралы материалдарынан толығырақ оқыңыз. 

     

     

     

  • Искандер Сулейменов
    Последнее обновление: 09:48 13.11.2018
    09:48 13.11.2018

    Ескендір Сүлейменовтің қазасы

    Белгілі қазақстандық жазушы Олжас Сүлейменовтің немересі 22 маусымда жол апатынан қаза тапты. Мотоциклмен келе жатқан Ескендір Сүлейменовті көлік қағып кетеді. Көліктің рөлінде Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигінің қызы отырған. Ескендір Сүлейменов Алматыда 25 маусымда жерленді. Полиция қылмыстық кодекстің 345-бабы (жүргізушінің жол қозғалысы ережесін бұзуы) бойынша іс қозғады. 

  • Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин
    Последнее обновление: 09:30 09.11.2018
    09:30 09.11.2018

    Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы

    Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумы Петропавлда 8-9 қарашада өтеді. Биылғы форумның тақырыбы - "Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен үрдістері". Форумда дәстүр бойынша екі елдің мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин, сондай-ақ екі елдің шекаралас өңірлерінің жетекшілері қатысады. Жиынға 600-ден астам адам жиналады деп күтілуде, оның 100-і – Ресей Федерациясының, 150-і – Қазақстанның ресми делегациясы. Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы 2003 жылдан бері екі мемлекетте кезекпен өткізіліп келеді. 

  • Бой Хабиба Нурмагомедова и Конора Макгрегора
    Последнее обновление: 11:27 07.10.2018
    11:27 07.10.2018

    "Нурмагомедов - Макгрегор" жекпе-жегі

    Ресейлік аралас жекпе-жек шебері пен ирландиялық арасындағы жекпе-жек 7 қазанда Лас-Вегаста өтіп, үлкен шу тудырды. Бұл жекпе-жектің қызыққа толы болатыны алдын ала белгілі болған еді. Өйткені спортшылар әр кездескен сайын бір-біріне тиісіп жүрді, олардан фанаттары да қалыс қалмады. Жанкүйерлері кездесу алдында төбелес шығарса, спортшылардың өздері жекпе-жектен кейін де жұдырық жұмсады. UFC чемпионы титулы үшін жекпе-жекте Макгрегор жеңілді, бірақ қарсыласының фанатына тап беріп, жаппай төбелеске себеп болған Нурмагомедов шаршы алаңнан белбеусіз кетті.