20:52 26 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Тақырыптар
Экономика

Әзербайжан банкінің банкротқа ұшырауы және БЖЗҚ ақшасы

Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 71,6 миллиард теңге инвестициялаған Әзербайжан халықаралық банкі банкротқа ұшырағанын жариялады. Қазақстанда банкке салынған зейнетақы қаражаты қайтарылмауы мүмкін деген күдік туындаған. Алайда Әзербайжан билігі банк борышын өтеуге мемлекет кепіл болады деп сендіріп отыр.