16:34 26 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD356.54
  • EUR419.43
  • RUB5.42
Тақырыптар
ТАҚЫРЫПТАР

Астанадағы жұмысшылар арасындағы жанжал

2 қыркүйек күні кешкісін "Абу-Даби Плаза" құрылыс алаңының бақылау-өткізу бекетінде күзет компаниясы қызметкерлері мен Үндістаннан келген жұмысшылар арасында жанжал туындады. Жаппай төбелес салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған. Жаппай төбелестен кейін оқиға орнында қоғамдық тәртіп бұзған 40-тан астам адам полицияға жеткізілді. Олардың сегізі әкімшілік жауапкершілікке тартылған, қалғандары профилактикалық әңгіме жүргізілгеннен соң босатылды.