09:55 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
Тақырыптар
ТАҚЫРЫПТАР

Миллиардты бағындырған Димаш

Еліміздің жас әншісі Димаш Құдайбергенов Қытайдағы халықаралық "I am singer" байқауына қатысып жатыр. Димаш қытай елінде феноменге айналды десек артық айтпаспыз. Әнші байқаудың алғашқы кезеңінде-ақ көрермендердің сүйіспеншілігіне ие болып, жеңімпаз атанды. Тіпті әлемдік дәрежедегі жұлдыз Лара Фабиан өзінің әнін байқау кезеңдерінің бірінде керемет орындап шыққан Димашты жеңісімен құттықтаған еді. Димаш барлық кезеңдерді сәтті бағындырып, енді сайыстың ақтық кезеңіне шығып отыр.