15:34 08 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
ТАҚЫРЫП

Қордайдағы қақтығыс

 

Жамбыл облысының Қордай ауданында туындаған тұрмыстық кикілжің жаппай тәртіпсіздікке ұласты. 7 ақпанда Масаншы ауылында жанжал шығып, кейін төбелеске көрші Ауқатты және Бұлан батыр ауылдарынан келген тұрғындар қосылған. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, таяқпен ұрған. Тіпті, қару да қолданған. Келесі күні қақтығыс салдарынан 8 адамның қаза болып, 40-тан астамы жарақат алғаны белгілі болды. Олардың ішінде оқ тиген полицейлер де бар. Үйлер, дүкендер мен көліктер қиратылған.

8 ақпанда өткен баспасөз мәслихатында ішкі істер министрлігі 47 адамгың ұсталғанын хабарлады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей эфирге шығып, мәлімдеме жасады. Ол қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен үкімет комиссиясы құрылды.