21:08 20 Сәуір 2019
Тікелей эфир
  • USD379.29
  • EUR426.40
  • RUB5.93
Тақырып
Саясат

Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасы

Қазақстанның тұңғыш президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы 19 наурызда халыққа үндеу жолдап, мерзімінен бұрын президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді.

1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР-ның Жоғарғы кеңесі президент лауазымын бекітті. Ел басшылығына Жоғарғы Кеңес Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады.

Бұл уақытта Назарбаев Қазақ КСР Коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметінде 1989 жылдың 22 маусымынан мемлекетті басқарып отырған еді.

1991 жылдың 1 желтоқсанында елде тұңғыш рет жалпыхалықтық президент сайлауы өтті. Мемлекет басшысы лауазымына жалғыз үміткер Нұрсұлтан Назарбаев 98,78% дауыс жинады.