10:46 28 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Тақырыптар
Қоғам

Қазақстандағы уақытша тіркеу

Қазақстанда экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерге қол қойылды. Оған азаматтардың міндетті түрде тіркелуі туралы норма жатады. Бұл үйді жалға берушілер мен тіркеусіз тұрып жатқан азаматтарға қатысты. Норманы орындамағаны үшін жеке тұлғаларға 10 АЕК немесе 22690 теңге, шағын кәсіпорындарға 15 АЕК немесе 34035 теңге, ірі кәсіпкерлік нысандарына 50 АЕК немесе 113450 теңге айыппұл салынады.