12:09 27 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Бейне

Алтыншы қабаттан құлап аман қалды Бішкекте болған оқиғаның мән-жайы

Қысқа сілтеме алу
91 0 0
(1:24 / 8.58Mb / )
© Sputnik. Эркин Алымбеков

Биіктен құлаған ер кісі кондиционер орнатып жатқан. Оның әріптестерінің айтуынша, он жылдан бері биікте жұмыс істеп келген.

Биіктен құлаған ер кісі кондиционер орнатып жатқан. Оның әріптестерінің айтуынша, он жылдан бері биікте жұмыс істеп келген.

Бішкектегі Жұмабеков және Осмонқұлов көшелерінің қиылысында салынып жатқан үйдің алтыншы қабатынан 31 жастағы ер кісі құлап кетті. Құрылысшылардың сөзіне қарағанда, құлғана кісінің өндірістік альпинизмде үлкен тәжірибесі бар.

"Оның биікте жұмыс істеп жүргеніне 10 жыл болды, бірақ бұл жолы ол тиісті құрал-жабдықтарсыз болған. Ерінді ма, жоқ әлде басқа ма білмеймін… Ол ғимарат қанатына түсті. Басы жерге тиген жоқ. Аяғы немесе қолы сынған секілді.Қабырғалары да сынған болар", — деді құрылысшы Айбек Әлібаев.

Оның айтуынша, жәбірленуші  есінде болған.  "Жедел жәрдем" бригадасы Бішкек травмотология  және ортопедия ғылыми зерттеу орталығына алып кетті. Ауруханада зардап шегушінің хәліне қатысты пікір білдірілген жоқ.

Басты тақырыптар