Видео

Тайваньдағы "Меги" тайфунының мінезі: санметрлі толқындар және су басқан көшелер

Жазылу
Тайваньға 27 қыркүйекте келген "Меги" тайфуны кезінде ең кем дегенде 268 адам зардап шекті және төрт адам қаза тапты. Бейнежазбадан аралда табиғи апат кезінде не болғанын көріңіздер.

Табиғи апат салдарынан 210-нан астам үй электр жарығынсыз қалды, Тайвань ұлттық қорғаныс министрлігі оқиғаның салдарын жою үшін 35,5мың сарбазды жұмылдырды.

Сондай-ақ, 4 мыңға жуық  көлік құралы, қайықтар, 14 тікұшақ, AAV-7 десантының 14 жүзетін машинасы, V-150 сегіз бронетранспортері тартылды.

Сәрсенбіде, 28 қыркүйекте, тайфун Қытай материгінің шығыс жағалауына жетті деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. Қытай билігі шұғыл әрекет еудің үшінші деңгейін жариялады және көмек көрсетуге, апаттың салдарын жоюға Гуандун, Фуцзянь, Чжэцзян, Цзянси және Хунань провинцияларына жұмыс топтарын жіберді.

Жаңалықтар
0