20:14 21 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.37
  • EUR428.55
  • RUB6.06
Видео

Өлім жазасына кескені дұрыс болды – Күлекбаевтың қолынан қаза тапқандардың туыстары

Қысқа сілтеме алу
144 0 0
© Sputnik . / Марат Елеусизов

"Алматылық атқыш" Руслан Күлекбаевтың қолынан қаза тапқан жандардың туған-туыстары сот үкіміне қанағаттанатындарын айтты.

Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сәрсенбіде құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтің 8 қызметкерін қосқанда 10 адамды өлтірді деген айып тағылған Руслан Күлекбаевқа өлім жазасын тағайындады.

Күлекбаевпен қатар тағы да бес адам оқ ататын қаруларды заңсыз сақтап, пайдаланып, сатып алып, сонымен қатар қолдан жасағаны үшін және Күлекбаевпен бірге қарақшылық шабуыл жасағаны үшін айыпталды. Алайда олар полицейлерге жасалған шабуылға қатыспаған. Сот оларды 3 жылдан 10,5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.


Загрузка...

Басты тақырып