00:22 20 Қазан 2017
Тікелей эфир
Бейне

Ол Әлем елшісі болатын – мәскеуліктер доктор Лизаны еске алуда

Қысқа сілтеме алу
9 0 0
© Ruptly.

Мәскеуліктер гүл шоқтарын әкеліп, Елизавета Глинка негізін қалаған "Әділетті көмек" халықаралық қоғамдық ұйымның ғимаратының алдында май шамдар жағуда. Сочиде Ту-154 ұшағының апатынан қаза тапқан доктор Лизаны адамдардың қалай еске алып жатқандықтарын бейнеден көріңіздер.

Көпшілікке Доктор Лиза ретінде танымал Елизавета Глинканың рухына құрмет білдіру үшін жүздеген адамдар Пятницкая көшесінде орналасқан "Әділетті көмек" қорының ғимаратына келіп жатыр. 

Қайғырып отырған адамдар раушан гүлдер мен қалампыр әкеліп, қордың негізін қалушының портретінің маңында май шамдар жағып жатыр. "Ол Әлем елшісі болатын, көмекке мұқтаж жандардың елшісі болатын", — дейді Мәскеу тұрғындарының бірі. 


Басты тақырыптар