Видео

Ту-154 апаты құрбандарының құрметіне Вердидің "Реквиемі" орындалды

Жазылу
Мәскеудегі Чайковский атындағы концерт залында Валерий Гергиевтің жетекшілігімен Мариин театрының Симфониялық оркестрі мен хорының орындалуында Джузеппе Вердидің "Реквиемі" шырқады. Концерт Қара теңіз үстіндегі Ту-154 апаты құрбандарын еске алуға арналған.

Хор мен Валерий Гергиевтің жетекшілігімен Мариин театрының Симфониялық оркестрі Джузеппе Вердидің "Реквиемі" орындап, Ту-154 апаты құрбандарының рухына құрмет көрсетті. Концерт 29 желтоқсанда өтті. Оған сондай-ақ, Попов атындағы хор өнері академиясының хоры және Кожевников атындағы Мемлекеттік облыстық хор қатысты. 

РФ Қорғаныс министрлігі жексенбі күні таңертең Ту-154 ұшағының радардан жоғалып кеткендігін хабарлаған еді. Әскери ведомствоның берген мәліметінше, ұшақтың бортында 93 адам болған – сегіз экипаж мүшелері мен 85 жолаушылар, олардың ішінде сегіз әскери қызметкер, Александров атындағы ән және би ансамблінің 65 әртісі болған. Олар РФ ӘҒК-нің әуе тобын Жаңа жылмен құттықтау үшін Сириядағы Хмеймим әуе базасына бара жатқан. Сонымен қатар, жолаушылар арасында Ресей БАҚ-ның тоғыз өкілі, "Справедливая помощь" қайырымдылық қорының басшысы, Доктор Лиза деген атпен белгілі Елизавета Глинка, екі федералдық мемлекеттік қызметкер болған.


Жаңалықтар
0