02:42 23 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Бейне

Қазақстан ХҚКО-ларында мыңдаған адам кезекте тұр

Қысқа сілтеме алу
19 0 0
© Sputnik. Болат Шайхинов, Асем Миржекеева

Қазақстанда азаматтарды міндетті уақытша тіркеуге алу туралы жаңа норма Халыққа қызмет көрсету орталықтарында үлкен кезектер туғызды, әсіресе Алматы және Астанада. Sputnik Қазақстан тілшілері елордалық ХҚКО-лардың бірінде болып, неліктен уәде етілген 15-20 минуттың орнына адамдадың кезекте екі сағаттан тұрғанын біліп қайтты.

Тұрақты тіркеу мекен жайы бойынша тұрмайтын қазақстандықтар, енді тұрғылықты жерде уақытша тіркелуге міндетті. Ол тәртіпті орындамаған жағдайда 10 АЕК (22690) мөлшерінде айыппұл салынады. 

Қазақстанның өзге өңірлерінен жұмыс істеуге келген мыңдаған адамдар тұратын Астана мен Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталықтарында үлкен кезектер байқалуда. 

Заңға түзетулерді әзірлеушілер бұрын уақытша тіркелу үшін адамдарға 15-20 минут уақыт қажет деген болатын. Алайда іс жүзінде олай болмай шықты. Себебі – орындарда толық ақпараттың болмауы. Сол үшін адамдарға  бірнеше кезекке тұруға тура келіп жатыр. 

 


Басты тақырыптар