Видео

LIVE: НТВ-ның "Ты супер!" балалар вокалдық конкурсы бойынша баспасөз конференциясы

Жазылу
18 ақпанда басталатын НТВ телеарнасының "Ты супер!" халықаралық балалар вокалдық конкурсына арналған баспасөз конференциясының тікелей көрсетілімі

Жобада Абхазия, Армения, Беларусия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Украина, Эстония және Оңтүстік Осетия елдерінен 7 мен 18 жас аралығындағы балалар қатысады. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған дарынды балалар өздерін көрсетуге мүмкіндік алады.

Тағдыр тәлкегіне ұшыраған балалар НТВ телеарнасы, Sputnik агенттігі мен Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігінің көмегімен миллиондаған көрермендерге вокалдық қабілетін көрсетіп, ең мықты музыкалық ұстаздар және продюсерлермен жұмыс істейді. Бірақ ең бастысы – бұл жаңа эмоциялар, білім, достар мен аңсаған арманның орындалуы.

Баспасөз конференциясына қатысушылар:

 

  • НТВ телеарнасының бас продюсері Тимур ВАЙНШТЕЙН;
  • "Ты супер!" шоуының жүргізушісі Вадим ТАКМЕНЕВ;
  • Sputnik жаңалықтар агенттігі және радиосының мультимедиялық орталықтар дирекциясының директоры Андрей БЛАГОДЫРЕНКО;
  • Жұлдызды әділқазы мүшелері.

 

Жаңалықтар
0