Видео

"Ту супер": Өскемендік Влад Лоскутов НТВ шоуының қатысушысы болды

Жазылу
Sputnik Қазақстан НТВ телеарнасындағы халықаралық вокал конкурсының екінші қатысушысы Өскемендік Влад Лоскутовты ұсынады. Он жеті жастағы Владислав – "Үміт" балалар үйінің тәрбиеленушісі. Ол картингтен өтіп, телевизиялық "Ты супер!" жобасына қатысу үшін Мәскеуге шақырылды.

Владислав "Үмітте" 2007 жылдан бастап тұрады. Сол жерде ол вокал және музыкамен шұғылдана бастаған. Қазір ол 10-шы сыныпта оқиды. Оның жасындағы барлық балалар секілді футболға қызығады. Өз келешегін Владислав тек сахнамен байланыстырады. Ол әлемдік класстағы вокалшы болатынына сенімді. 

Ты супер!: мечтаю стать певцом - Владимир Сарафутдинов из Уральска - Sputnik Қазақстан
Видео
"Ты супер!": әнші болуды армандаймын – оралдық Владимир Сарафутдинов

"Ты супер!" жобасы ата-анасының қамқорысыз қалған дарынды балаларға өздерін көрсетуге мүмкіндік сыйлайды.  ТМД және Балтық кеңістігіндегі музыкалық дарындарды Армения, Беларусь, Грузия, Молдова,  Қазақстан, Қырғызстан және Эстонияны қосқанда 9 елдің балалары ұсынады.

Балалар вокалдық шоуының алғашқы шығарылымы 11 ақпан күні сағат 20.00-де НТВ телеарнасында өтеді. Sputnik ақпараттық агенттігі және радиосы "Ты супер!" таланттар шоуының халықаралық ақпараттық серіктесі ретінде жобаның Қазақстандағы жас қатысушылары: НТВ-ның алдын ала жүргізген кастингі барысында таңдалған Владимир Сарафутдинов (Орал), Владислав Лоскутов (Өскемен), Сабанқұлова Рано (Қызылорда) және Корнеев Романға (Алматы)  қолдау білдіреді.


Жаңалықтар
0