03:56 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Бейне

Сұрасам болды: Ақтөбе облысында тікұшақ тас жолды жапты

Қысқа сілтеме алу
27 0 0
© Аккаунт Zello Kaz на YouTube

Әскери тікұшақ Ақтөбе облысындағы тас жолға қонды, көзімен көрушілер әлеуметтік желіге видеосын жариялады

Zello Kaz аккаунтында жарияланған видеоға жазылған хабарламада келтірілгендей, оқиға Ақтөбе-Шымкент тас жолында Қарабұтақ ауылының маңында орын алған.

Видеода жолдың ортасында тікұшақтың фураның жолын жауып тұрғаны көрінеді. Оқиғаны тоқтап тұрған көліктің артында тұрған адам телефонына түсірген. Тікұшақтан форма киген ер адам түсіп, фураға жақындап, жүргізушімен сөйлесіп, қайтып кабинасына мініп кетті. Одан кейін тоқтаған көліктегі адам рация бойынша әскерилердің бораннан адасып кеткенін айтты.

"Ер адамдар адасып кеткен. Айналып жүргенде, қайда екенін және қайда бағыт алғанын түсінбей қалған", — дейді ұшқышпен әңгімелескен фура жүргізушісі. 


Басты тақырыптар