Видео

"Ты супер!" жобасына қатысушы Вова мен Влад – ажырамас достар

Жазылу
"Ты супер!" халықаралық вокалды конкурстың қатысушылары Вова Сарафутдинов пен Влад Лоскутов әр түрлі байқауларға бірге қатысып, үнемі сайысқа түсетін. Алайда соған қарамастан балалар – ажырамас достар, әрдайым бір-біріне қолдау көрсетіп жүреді

Вова – Қазақстанның батысындағы Орал қаласы балалар үйінің тәрбиеленушісі, ал Влад – елдің екінші бір қиыр шеті Өскемен қаласында тұрады. 

"Біз жұлдыз емеспіз", — дейді Влад пен Вова. Олар әлем бойынша халықаралық конкурстарға қатысып жүрсе де, мақтанып кеуде кермейді. 

11 ақпанда НТВ телеарнасында басталған "Ты супер!" жобасы балалар үйінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға өз дарынын бүкіл әлемге паш етуге мүмкіндік береді. Қазір іріктеу кезеңі жүріп жатыр, әрбір қатысушыға қолдау мен жеңіске деген сенім ауадай қажет. 

Жаңалықтар
0