Видео

"Ты супер!" жобасының қатысушысы Владислав Лоскутов 8 Наурызбен құттықтайды

Жазылу
Халықаралық вокалдық конкурсының қатысушысы Владислав Лоскутов барлық қазақстандық әйелдерде 8 Наурыз мерекесімен құттықтады

Влад – өскемендік "Үміт" балалар үйінің тәрбиеленушісі. Ол ата-анасының қамқорысыз қалған балаларға өз дарындарын көрсетуге мүмкіндік беретін "Ты супер!" жобасына қатысады. Ол қазір Мәскеуде, "Ты супер!" шоуының келесі турына дайындалып жатыр.

ТМД және Балтық кеңістігіндегі музыкалық дарындарды Армения, Беларусь, Грузия, Молдова,  Қазақстан, Қырғызстан және Эстонияны қосқанда 9 елдің балалары ұсынады.

Балалар вокалдық шоуының алғашқы шығарылымы 11 ақпан күні сағат 20.00-де НТВ телеарнасында өтеді. Sputnik ақпараттық агенттігі және радиосы "Ты супер!" таланттар шоуының халықаралық ақпараттық серіктесі ретінде жобаның Қазақстандағы жас қатысушылары: НТВ-ның алдын ала жүргізген кастингі барысында таңдалған Владимир Сарафутдинов (Орал), Владислав Лоскутов (Өскемен), Сабанқұлова Рано (Қызылорда) және Корнеев Романға (Алматы)  қолдау білдіреді.

Жаңалықтар
0