15:24 23 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
© Sputnik . Юлия Кузнецова, Болат Шайхинов

Ұлыстың ұлы күні жасалатын Наурыз көженің қатаң рецептісі жоқ. Бастысы, көженің құрамында жеті дән болуы тиіс. Sputnik Қазақстан оқырмандарына Наурыз көжені Астанадағы үздік ұлттық мейрамхананың әдісі бойынша әзірлеуді ұсынады.

Наурыз көже – Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Ежелден келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі дән қосылуы керек. Тақ санын сақтап, мұндай дәндер көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. 

Наурыз көже әзірлеу рецептісімен елордалық Satti ұлттық мейрамханасы бөлісті. 

Сонымен, көженің құрамына жеті дән кіреді: 

Пісірілген, ұсақ туралған жылқы еті

сорпа

бидай

тары

күріш

айран

қаймақ

Асыңыз дәмді болсын!

Тақырып:
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз (14)
Загрузка...

Басты тақырып